Саясат

Министр Мұхамедиұлы тағы да күлкіге қалды

Парламент мәжілісінің бүгінгі жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралып, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ баяндама жасады.

Jasalash.kz
Бір қызығы, мемлекеттік тілдің бірден-бір жанашыры болуы тиіс министр Арыстанбек Мұхамедиұлы баяндамасын негізінен Ресей Федерациясының мемлекеттік тілінде жасады. Шамасы министр бұл жобаны тек ресми тілде ғана талқылау керек, тек орыстілділер ғана бұл тақырыпта тұщымды ой айта алады деп шешсе керек.Ең сорақысы, мәжіліс депутаттарының кейбірі қазақ тілінде сұрақ қойды. Министр сөздің басында «Сұрағыңызға көп рахмет, сұрағыңыз өте орынды...» деп қазақ тілінде көпшік қойғаны болмаса, сауалдардың барлығына дерлік орыс тілде жауап берді.Жалпы депутаттар да қалыптасқан жағдайға қарай тез бейімделеді ғой. Мұхамедиұлы ресми тілде шүлдірлеп тұрған соң бұған дейін таза қазақ тілінде сұрақ қойып жүрген депутаттардың көбісі сауалдарын орыс тілінде жолдады.Мәжіліс төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН кеңестік кезеңде түсірілген «Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен» атты фильмнің идеологиялық мән-мағынасын әңгіме ете келіп, «бұл фильмде алкогольді ішімдікті беталды ішу, бөтеннің затын иемденіп кету сияқты жағымсыз сюжеттер бар, біздің фильмдерде осындай көріністерден сақ болуы керек» деп айтып еді, Арыстанбек Мұхамедиұлы «Тіпті біреудің әйелдің тартып алу да бар ғой» деп, спикердің сөзін түзеп жіберіп, өзі мәз болып күлді. Сауалдардың соңында депутат Абай ТАСБОЛАТОВ министрдің жауабына қанағаттанбағанын ашық айтты. Сөйтіп еді министр: — Көп, көп рахмет… Абай Бөлекбаевич — действительно уникальная личность, мы гордимся… – деп, түлкінің құйрығындай жалт беріп, тағы да депутаттардың күлкісіне қалды.Фото: sputniknews.kz МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега