Саясат

Министр Тоқаевтың дебатқа не үшін шықпағанын түсіндірді

Ақпаратжәне қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ президенттікке үміткер Қасым-ЖомартТОҚАЕВТЫҢ теледебатқа шықпауына байланысты өз ойын білдірді.

Jasalash.kz

Министр мырза әдеттегідей «Хабар» арнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасында өз ойымен бөлісті. Айтуынша, дебаттарғасенімді өкілін жіберу әлемде бар үрдіс.

«Мәселен,уақыт болмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы Евразиялық экономикалық кеңестіңжиынына қатысып жатты. Кандидат кей жағдайда саяси күресте дебатты маңызды депесептемейді. Егер оның бағдарламасы мен саяси салмағы қарсыластарынан зор болсақатыспағаны тиімді», — деді Абаев мырза.

Кандидаттар арасындағы теледебат 29 мамыр күні  «Хабар» арнасының тікелей эфирінде өткен еді. «НұрОтан» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ орнына партия төрағасыныңбірінші орынбасары Мәулен ӘШІМБАЕВ қатысқан еді. Қазақстанды 30 жылға жуықбасқарған Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТАН дебаттарға қатысқан емес. Айтпақшы, ДанияЕСПАЕВА мен Төлеутай РАХЫМБЕКОВТЫҢ орнына олардың басшылары Азат ПЕРУАШЕВ пен ӘлиБЕКТАСОВ шыққан еді.

Фото: tengrinews.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега