Без Категории

Министрлік: 2018 жылы браконьерлерден 500 киік тәркіленді

Қазақстанда 2018 жылы 77 браконьерлік қылмыс анықталып, олардан 500 киіктің өлексесі тәркіленген.

Jasalash.kz

Бұл туралы 18 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров халыққы есеп беруі кезінде айтты.

Министрдің сөзінше, 2018 жылы Қазақстанда киіктердің саны 41 пайызға өсіп, 215 мыңға жеткен. Ауыл шаруашылығы министрлігі Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен браконьерлікпен күрес шараларын жасап жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін тағы бір браконьерлік қылмыс биыл 13 қаңтарда Қарағанды облысында болған. Киікті заңсыз атты деген күдікке іліккендер "Охотзоопром" мемлекеттік кәсіпорнының екі инспекторын соққыға жығып кеткен. Олардың бірі Ерлан Нұрғалиев сол жерде ауыр жараланып, кейін Нұр-Сұлтан ауруханаларының бірінде қайтыс болған. Бұл қылмысқа күдіктілер арада бірнеше күн өткенде ұсталды.

Осы жылы 30 қаңтарда Қазақстан бас прокуратурасы соңғы жылдары елде сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарларды ұйымдасқан түрде заңсыз аулау оқиғаларыкөбейгенін айтқан. Бас прокуратура дерегінше, 2016-2018 жылдар аралығында браконьерліктен табиғатқа 3,6 миллиард теңге зардап келген, үш мыңға жуық киік заңсыз атылған.​

Биыл наурызда Қарағанды облысындағы мемлекеттік Қорғалжын табиғи қорығының Нұра ауданына қарасты аумағында белгісіз біреулер 50 шақты киіктіатып кеткен.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега