Без Категории

Министрлік: Арыс маңындағы полигонда жарылыс болып, 10 адам зардап шекті

21 қыркүйекте Арыс қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан полигон аумағында "оқ-дәрі фрагменті өздігінен жарылып", он сапер жараланды.

Jasalash.kz

Бұл ақпаратты қорғаныс министрлігі таратты.

Министрліктің хабарлауынша, жараланған әскери қызметкерлер далалық госпитальге жатқызылған.

"Болған оқиғаның себептері мен жай-жапсарын анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр" делінген министрлік хабарламасында.

Осыдан шамамен үш ай бұрын Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қойма жарылып, төрт адам қаза тапқан. Ресми дерек бойынша, қоймадағы оқ-дәрінің 70 пайыздан астамы жарылып кеткен. Қаладағы тұрғын үйлердің басым бөлігі бүлінген.

Осы оқиғадан соң елдегі әскери қоймалардың жағдайы мен қойма маңындағы тұрғындар қауіпсіздігі туралы мәселе көтеріле бастаған.

Оқи отырыңыз: "Қару ескірген сайын қауіпті". Сарапшылар Арыстағы жарылыс жайлы

Соңғы он жылда Арыс қаласында әскери оқ-дәрі сақталатын қоймалар мен оларды жоюға арналған жерде төрт рет жарылыс болып, бірнеше адам қазаға ұшыраған. Биыл маусымдағы жарылыстан кейін қорғаныс министрлігі әскери оқ-дәрінің "елдімекендерден аулақ жерге" көшірілетінін мәлімдеген.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега