Оқиғалар

Минскіде «Гелендваген» тізгіндеген қазақстандық әйел жауапқа тартылды

Беларусь астанасы Минск қаласында қазақстандық нөмір тағылған Gelandewagen көлігін басқарған әйел бірнеше жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Фото: видео-скрин

Оқиғаға әлеуметтік желіде жарияланған фотосуреттер себеп болған. Минск тұрғыны Threads платформасында тротуарға қойылған қазақстандық нөмірлі жол талғамайтын көліктің суретін жариялаған. Кейінірек дәл осы көліктің сауда орталығы аумағындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұрақ орнына қойылғаны анықталған.

Полиция жүргізген тексеру барысында тағы бір заң бұзушылық белгілі болды. Атап айтқанда, жүргізуші екі жасар баланы алдыңғы орындықта арнайы балаларға арналған қауіпсіздік құрылғысынсыз тасымалдаған.

Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құзырлы органдар оған қатысты заңнамаға сәйкес шара қолданған.

Сайт Әкімшілігі