Оқиғалар

Мирзиёев, Жапаров және Рахмон Астанаға келеді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға келеді.

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің ашылу рәсімінде сөз сөйлейді.

29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін жарысқа 34 елден 800-ден астам спортшы қатысады.

Ақорданың мәліметінше, ашылу салтанатына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады.

«Болашақ ойындары» (Games of the Future) – цифрлық және дәстүрлі спортты біріктіретін халықаралық турнир. Алдымен қатысушылар компьютер, ойын консолі немесе мобильді құрылғыларда цифрлық кезеңде бақ сынаса, кейін жарысты нақты спорт алаңында, мысалы футбол немесе басқа спорт түрлері бойынша жалғастырады.

Еске салайық, биыл сәуір айында Қасым-Жомарт Тоқаев интерактивті форматта «Болашақ ойындары – 2026» турниріне дейінгі кері санақты бастаған болатын.

Сол кезде мемлекет басшысына турнирдің негізгі бағыттары – фиджитал баскетбол, фиджитал футбол, MOBA Mobile, MOBA PC және фиджитал жекпе-жек, сондай-ақ жарыстың өткізілу форматы таныстырылған еді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Астана