Саясат

Митингідегі микрофон үшін талас (видео)

Елордадарұқсат етілген митинг өтті. Бұл акцияға рұқсат алған Азаматхан ӘМІРТАЙ. «Бұлшараның бейбіт түрде өтуіне мен жауаптымын», — деген Азаматхан Әміртай белгіліқоғам белсендісі Болатбек БІЛӘЛОВТЫҢ қолынан микрофонды жұлып алды.

Jasalash.kz

«Арыста болып жатқан жағдайдан кейін 6 шілдедегімейрамды тоқтату керек. Бейбіт күні халық жарылып жатса оған билік кінәлі.Халық босып кеткенде қандай мереке болу керек? 19-наурызға дейін біздіңұранымыз «Шал, кет!» болса, енді «Шалдар, кетіңдер!» деп ұран тастауымыз керек», — деді Болатбек Біләлов.

Бұлмитингтің резолюциясында төмендегідей конституциялық реформа жасау туралыайтылған.

Жаңа Конституцияда Жер, жер қойнауы,ресурстар халық меншігі болып жариялансын. Және әрбір азамат шикізат пен басқада тауарларды сатудан үлес ретінде өз табысын алуы тиіс.Кез келген маңызды мемлекеттік проблемалар бүкілхалықтықреферендум, оның ішінде географиялық атаулардың, қалалардың, астананың және т.б. атауларын қайта атау арқылы халықтың ерік-жігерімен шешілуі тиіс.Саяси партиялар, бейбіт митингтер және шерулер, референдум,сайлау жайлы, сонымен қатар саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар және үкіметтікемес ұйымдар құру заңнамаларына өзгерістер енгізу, т.б.

Фото автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега