Әлеумет

Митингке әйелдер ғана шығып жүр, еркектер қайда?

(көрнекі сурет) Әр қалада өтіп жатқан көпбалалыаналардың наразылығы елдегі гендерлік тепе-теңсіздікке де қоғам назарын қосымшааудартқандай.

Jasalash.kz

Көпшілік арасында наразылық шараларында айқайлап, шулап жүргенаналардың күйеулері,  балаларының әкелеріқайда, олар неге үйде тығылып жатыр дегендей сұрақтар қойыла бастады. Бұлкүндегі еркектер ынжық, қорқақ, әке ретіндегі жауапкершілігін білмейді дейтіндерелдегі әлеуметтік наразылықтың бәріне тек аналар, қыз-келіншектер шығатынын алғатартады.    

«Тең құқық пен тең мүмкіндік институты» атты қоғамдық қордың  2017 жылы жариялаған әлеуметтіксауалнамасында пікір білдіргендердің басым бөлігі біздің елде гендерліктеңсіздік жоқ депті. Бірақ, әлеуметтанушылардың топшылауынша, осы сауалнамағақатысқандардың көпшілігі гендерлік теңдіктің не екенін, оның болмысын, мәселенеден шығатынын мүлдем түсінбейді.Feminita атты феминистікбастама көтеріп жүрген Жанар СЕРКЕБАЕВА елде әйелдерді кемсіту, яғни әйелдерді дискриминацияжасау жыл сайын асқынып барады дейді.  Оның ойынша, әйелдер еркектердей саясишешімдерге ықпал ете алмайтындықтан, амалсыз азаматтық салада, наразылықшараларында белсенді болып жүр.

– Әйелдерде өздерін наразылық шараларында,азаматтық салада көрсеткеннен басқа амал жоқ. Өйткені саяси алаңға олардыжолатпайды. Содан үкіметтік емес ұйымдарға барады. Ал көпбалалы аналардың дауымен талаптарына келсек, мәселе оларда емес. Біз де баланың көп болуынқолдаймыз, қоштаймыз, көбеюіміз керек, өсуіміз қажет дегендей уәделер менұрандар көп. Бірақ көпбалалы аналар сол қолдаулар мен уәделерді іс жүзіндеталап ете бастағанда оларды жан-жақтан айыптап, «баға алмасаң неге таптың?» депшығады. Жалпы, Қазақстанда әйел болып өмірге келу – нағыз бақытсыздық. Әйелдереркектер қатарлы саяси шешім қабылдауға араласпайынша, жағдай осылай болабермек, – дейді Ж.Серкебаева.

Дегенмен деәлеуметтік зерттеулерге сенсек, елдегі еркектердің ойынша, саясатқа араласу,саяси шешімдер қабылдау – әйелдің ісі емес. Саяси қызмет ана болу, жар сүюге кедергікелтіреді. Бір қызығы, осылай ойлайтын еркектер  наразылыққа шығып, талап қойып жатқан аналардыашық қолдауға асығар емес. Шерулер мен қарсылық шараларында бірнеше жылнұсқаушы болған құқық қорғаушы Болатбек БЛЯЛОВТЫҢ ойынша, еркектердің еренсізотыруының себебі тұрмыстың қиындығы немесе әйелдерге бала бағудың ауырлығындағана  емес.

Көптеген әйелдер күйеулеріннаразылық шараларына жібермейді, қорқады.  Онысы, бір жағынан, дұрыс та. Қоғамдағықатыгездіктің екпініне қарасақ, еркектердің қарсылық шараларға шықпағанын қаларедім. Өйткені егер ер-азаматтар бас көтерсе қиын болады. Егер билік өкілдеріқандай да бір күш көрсетсе, еркектердің бәрі үндемей, кері айналып кетпейдіғой. Бір тамшы қанның соңы зор қырғынға ұласуы мүмкін. Міне, осы себептібіздегі қарсылық, наразылық шараларына негізінен әйелдер барады,дейді Б.Блялов.Оның ойынша, кез келген қарсылық шарасының мақсаты – қоғаммен мемлекеттік қызметкерлердің назарын белгілі бір мәселе аударту. Ал бұл ісәйелдердің қолынан әдемі келеді.  

 –Қыз-келіншектер мен аналардың мінезітабиғатынан жұмсақ. Оқып-тоқығандары көп. Білімді. Ойлары мен сөздері жүйелі.Осыдан болса керек, қарсылық шарасында әйелдер мен еркектердің саны бірдейболса да, негізгі сөзді әйелдер алып, алға шығып кетіп, ер-азаматтарды ығыстырыптастайды. Сосын, еркектермен салыстырғанда әйелдер әділетсіздікті  жүректерімен қабылдап, оған төзбей, тезашуланады. Ер-азаматтар болса бәрін ішіне жинап, тынып жүреді ғой, – дейді БолатбекБлялов.

Саясаткер УәлиханҚАЙСАРОВТЫҢ ойынша, қарсылық шараларындағы еркектердің енжарлығы менталитеттің,таным-түсініктің ерекшелігінде.  Оның топшылауынша,қоғамда «еркектер айқай-шуға араласпау керек» деген түсінік бар және қарсылықшараларын көпшілік дәл осылай түсінеді. Дегенмен, саясаткердің ойынша, ер-азаматтарнаразылық шараларына шыдамның шегіне жеткенде, әбден ашу мен ызаға булыққандақатысып-ақ жүр. 

–Қазақәйелінің ер-азаматына көмектесуі тарихи дағдыдан қалған. Көшпелі өмір салтындаонсыз болмас еді. Қазір ер-азаматтар қанша еңбектенсе де, тапқанын отбасынажеткізе алмай жүр. Міне, осыдан кейін  әйелі оған көмек қолын созғысы келіп, үн қатыпжатыр. Бірақ, мысалға делік, ғимаратты басып кіру міндеті тұрса, ер-азаматәйелін үйінде қалдырып, өзі шығады ғой, – дейді  Уәлихан Қайсаров.

Генетикалықерекшеліктің тұқым қуалауы мен адам мінезіне әсер етуін зерттеп жүрген психологӘлия САҒЫМБАЕВА қарсылық шараларында әйел бейнесінің басым болуын психологиялықсебептермен байланыстырады. Оның сөзінше, XX ғасырдағы қазақтың басынан өткенәлеуметтік, саяси нәубеттердің ізі бүгінгі ұрпақтың жадында бейсаналы түрдеқалып қойған.

Ата-бабаларымыз30-40 жыл бойы адам төзгісіз азапты бастарынан өткерді. Аласапыран кезеңдерде,ең алдымен, бұл енді заңдылық та болар, ер-азаматтар көптеп қырылып қалды.  Ұрпағын сақтап қалу міндеті әйелдердің мойнынажүктелді. Қазір еркектердің бәрі болмаса да, көбінің мінезі өте жұмсақ. Өйткеніоларды әйелдер сөйтіп сақтап отыр. Жадыларының бір бұрышында еркек мінездіболса, өз ойын ашық айтатын болса, онда жағдай қауіпті деген түсінік бар.Алашорда арыстарын не істегені есте ғой,  – дейді Әлия Сағымбаева.

Қазір еркекболу бұрынғыдай қауіпті болмаса керек-ті. Дегенмен ұл баланы еркелетіп, қолынанқақпай өсіру дәстүрі бізде басым. Әлия Сағымбаева мұндай дәстүрді өзгертіп, ұлбаланы жауапкершілікке, жетекші болуға тәрбиелеу керек дейді. Сондай-ақ олқоғам мен билік арасындағы қатынасты да түзеу керектігін айтады. Мәселен, билікәлдеқандай топтардың талаптарын орындап берсе, әлгілер кейіннен сол биліктіңайтқанын орындап, өздерін басқартуға мүмкіндік беріп қояды.

Қазақстанда билік деген ұғымдықалай қабылдайды? Ол, негізінен, наразылықты жаншып басатын, қудалайтын немесетартып алатын институт ретінде қабылданады. Біреу бұған көндіккен, біреумұнымен наразылыққа шығып күресіп жүр, – деген Әлия Сағымбаева ойын былайаяқтайды: – Дегенмен бізге қоғамдық жаңа сана мен ой керек. Бірақ бұл билік теөз болмысын өзгертіп, халықтың жағдайын жақсарту үшін түрлі топпен келіссөзжүргізе алатын, мәселені бірге ашық талқылай алатын, оның шешу жолын бірігіп атқараалатын институтты қалыптастыруы тиіс. Бұл – Қазақстандағы ғана емес, көршілерімізге де қатысты ортақ проблема.

А.Арыстанбек

Фото: Жас Алаш

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега