Саясат

Моджтаба Хаменеи Иран әскеріне әлемнің кез келген нүктесінде операция жүргізуге рұқсат берді

Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусы қолбасшысының аға кеңесшісі Мохаммадреза Нагди мәлімдеді.

Фото: IRNA

Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи қарулы күштерге қажет болған жағдайда географиялық шектеусіз операция жүргізуге мүмкіндік беретін жарлық шығарды. 

Оның айтуынша, жоғарғы көшбасшының жарлығы қарулы күштерге кез келген жағдайда және әлемнің кез келген нүктесінде қарсы тараптың әрекетіне жауап беруге толық еркіндік береді.

Нагди егер қарсылас тарап болмашы қателікке жол берсе, Иран әскері қажет деп тапқан жерде тиісті жауап қайтара алатынын атап өтті.

Сайт Әкімшілігі