Саясат

Молдова Ресейден келетін газға байланысты төтенше жағдай жариялады

Молдова парламенті депутаттарының жартысынан астамы Ресей газының Украина арқылы жеткізілуінің тоқтатылуына байланысты елде төтенше жағдай енгізуді қолдаған.

Молдава парламенті. Фото: Vladislav Culiomza/REUTERS

Молдовада Ресей газының жеткізілуін тоқтату қаупіне байланысты төтенше жағдай енгізіледі. Мұндай шешімді ел парламенті 13 желтоқсан, жұмаға қараған түні қабылдады. Оны 101 депутаттың 56-сы қолдады.

Молдовада 16 желтоқсаннан бастап 60 күнге төтенше жағдай енгізіледі. Ресейден келетін газ 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елге келуін тоқтатады деп жоспарланған.

Украина 1 қаңтардан бастап Ресейден ЕО-ға газ транзитін тоқтатады

Кишинев ресейлік газды Украина арқылы транзитпен алады, оның өкілдері бұл елдің Ресей Федерациясынан газ транзиті бойынша «Газпроммен» келісім-шартты ұзартпайтынын бірнеше рет айтқан болатын. Қолданыстағы келісімнің мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Сонымен қатар, Ресей мұнайы да Украина арқылы ЕО-ға «Дружба» мұнай құбыры арқылы өтеді. Украиналық «Укртрансафта» мен ресейлік «Транснефть» арасында оны жіберу туралы келісім 2029 жылға дейін жарамды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Молдава