Әлеумет

Молдовада жанармай тапшылығы қаупі күшейді: себептердің бірі – Қазақстан мұнайының жеткізілуінің қысқаруы

Молдовада дизель отынының тапшылығы қаупі туындады.

Фото: portaktau.kz

 Бұған Қазақстаннан мұнай жеткізілімінің қысқаруы және Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдар әсер еткен.

DW мәліметінше, Новороссийскідегі терминалдардың зақымдануына байланысты Қазақстан мұнайының Румыниядағы Petromidia мұнай өңдеу зауытына жеткізілімі азайған. Ал Молдова дизель отынының шамамен 70 пайызын дәл осы Румыниядан алады.

Сонымен қатар Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдар дизель өндірісі мен жеткізілімінің қысқаруына әкелген.

Салдарынан Молдовадағы 66 жанармай құю станциясында отын қоры таусылған. Елдегі қолда бар жанармай қоры шамамен сегіз күнге ғана жетеді деген болжам бар.

Осыған байланысты Молдова билігі 30 күнге жоғары дайындық режимін енгізіп, отын қорын тұрақтандыру және жеткізілімнің балама бағыттарын қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Молдава