Баған

Монополистердің «тәбетін» тежеу

Мамандар Шымкенттегі тарифке түсінік берді«Жас Алаш» газетінің өткенсандарының бірінде біз Шымкенттегікоммуналдық қызметтердің тарифіне қатысты мақала жариялап, онда қоғамбелсендісі, Шымкент қалалық әкімдігіндегі тарифтерге қатысты комиссияныңмүшесі, заңгер Тілеулес Лестің пікірін берген болатынбыз («Тарифтер негетеңселеді?

Jasalash.kz

», «Жас Алаш» №28-29, 21 сәуір 2020 жыл). Мақала жарық көргенненкейін газеттің Шымкенттегі қосынына ұлттық экономика министрлігі табиғимонополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысыДархан Қаинбердиев хабарласып, өзінің уәжін білдірді.

– Қоғам белсенділерінің тарифке қатысты мәселеге араласқанын қолдаймыз.Өйткені, айналып келгенде, бәріміздің ортақ мақсатымыз тұтынушының мүддесінқорғау емес пе?!  Бірақ біржақты пікірайту дұрыс емес деп ойлаймын. Біздің департамент 2018 жылдың қарашасындақұрылды және сол аралықтан бері тарифті төмендету бағытында көптеген жұмыстардыатқарды, – деген басшы осы жұмыстардың бірқатарына тоқталып өтті.

Оның айтуынша, 2018 жылы елбасының Қауіпсіздік кеңесінде тарифтердітөмендету бойынша берген тапсырмалары осы саладағы жұмыстарға үлкен серпінберген. Нәтижесінде Шымкентте жылу тарифі – 22, ауызсумен жабдықтау мен кәріз –10,  табиғи газ 5,8 пайызға түсті. Облыспен Шымкент қаласын жарықпен бір монополист – «Энергопоток» кәсіпорнықамтамасыз етеді. Сондықтан оның тарифікомитеттің Түркістан облыстық департаменті арқылы бекітіледі. Дегенмен сол жылыэлектр энергиясының тарифі 6,8 пайызға арзандаған. Ал, жалпы алғанда, атқарылған жұмыстардың арқасында мегаполистежылына тұтынушының қалтасындағы  4 миллиардтеңге қаражат үнемделген. Монополистердің «тәбетін» тежеу жұмыстарыныңнәтижесінде биыл ауызсу, жылу қызметтерінің тарифі қолданыстағы деңгейдеқалдырылды. Ал табиғи газдың тарифі 32,47 теңгеден 31,59 теңгеге немесе 2,7пайызға төмендеген. Рас, биылдан бастап қалада жарықтың бағасы 6 пайызғақымбаттаған (бірақ ол 2018 жылғы деңгейге жеткен жоқ). Себебі энергия өндіретінкәсіпорындар өз өнімдерінің бағасын энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес өсірген.

– Мақалада Тілеулес Лес тарифті төмендету үшін қалалық әкімдікке барғанынайтады. Бірақ әкімдік тарифті бекітуменайналыспайды. Оны тек табиғи монополияларды реттеуші уәкілетті органдар бекітеді.«Су ресурстары- Маркетинг» кәсіпорны суды сатып алмайды және тасымалдамайды» деген тұжырыммен келісу қиын. Алынған су тұтынушыға дейін жеткізіледі,яғни тасымалданады. Ал мекемеде қыста – 20, жазда50 насостың жұмыс істейтіні туралы мәселе түсініксіздеу. Ауызсудың тарифіжаздық, қыстық деп бөлінбейді, ол барлық коммуналдық қызметтер сияқты  жылдық орта шығындарды есепке алып бекітіледі.Қоғамбелсендісі, өзінің есептеуі бойынша, қаладағы ауызсудың бағасы 47 теңге болуытиістігін алға тартыпты. Егер солай болса, оны дәлелдеу үшін неге біздіңдепартаментке немесе сотқа жүгінбеген? – деді Дархан Әбілқасымұлы.

Қазір ауызсудың қымбаттығы жағынан Шымкент Қазақстандағы өңірлер арасында төртіншіорын алады,  канализация қызметін қосаесептегенде, 10-орында. Монополистергетариф бес жыл сайын бекітіліп беріледі. «Су ресурстары-Маркетинг» мекемесі жаңа тарифке өтінімді биыл жыл соңында беруі тиіс.

– Жаңа тарифті бекіту үшін жария тыңдаулар өткізіледі. Сол кезде қоғамбелсенділерін жаңа тарифті талқылауға шақырамыз. Келіп, өздерінің пікірлерінайтсын. «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды», – деді департамент басшысы.

Жылу тарифінің қымбаттығы бойынша шаршы метрге шаққанда Шымкентреспубликада  сегізінші орындаболса,  табиғи газдың қымбаттығы жағынанбірінші орында тұр. Соңғы екі жылда  газ тарифі 8,4 пайызға төмендеген. Алайда  тұрғындары төмен жалақы алатын Шымкент пенТүркістан облысы үшін газдың бағасы тым қымбат болып тұр.

Газ тарифін бекітуде жергілікті департаменттің  ықпалы аз. Тарифтің -72,4 пайызы немесе 23теңгесі энергетика министрлігі тарапынан бекітіледі. Тасымалдау шығыны (тарифтің -22, 6 пайызын немесе 7,2 теңгесі) ғана департаментпен бекітіледі. Ал жабдықтау шығыны5 пайызды немесе 1,6 теңгені құрайды жәнеорталық комитетпен белгіленеді.

Газ тарифінің қымбаттығын алға тартып, жергілікті қоғам белсенділері энергетикаминистріне хат жазған. Алайда осы уақытқа дейін газдың Шымкент пен Түркістанданеге қымбат екеніне нақты жауап берілмей келеді.

– 1 шілдеде газдың көтерме жаңа бағасы энергетика министрлігі тарапынан бекітіледі.Аталған министрлік өзіне қатысты тарифті бекітер кезде ұлттық экономика министрлігіненкелісім алады. Сондықтан Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов екі министрдің атынатарифті төмендету жөнінде хаттар жолдайды, –деді Дархан Қаинбердиев.

Бұл жұмыстардан қандай нәтиже шығары әзірше белгісіз. Департамент басшысыгаз тарифін қымбаттатпай, осы деңгейде ұстап қалудың өзі де жақсы жетістік екенінайтып отыр. Себебі «ҚазТрансГаз Аймақ»тарифті қымбаттату жөнінде мәселе көтеріп жатқан көрінеді.

Айтпақшы, төтенше жағдайкезінде монополистердің тарифті уақытша арзандатқанын біз өткен нөмірлеріміздежазған едік. Д.Қаинбердиевтің айтуынша, осы шараны жүзеге асыру нәтижесінде  мегаполис тұтынушыларыбір ай ішінде 30 миллион теңгеден астам қаражат үнемдепті.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

Шымкент қаласы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега