Қоғам

Мұғалімдер толтыратын құжаттар саны 25-тен 5-ке дейін қысқаруы мүмкін

Оқу-ағарту министрлігі педагогтерге міндеттелген қағазбастылықты азайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы министр Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз

Министрліктің мәліметінше, 2020 жылы бекітілген бұйрық қайта зерделенген. Қазір мұғалімдер толтыруға міндетті 25 құжаттың тізімі бекітілген. Енді оны бес құжатқа дейін қысқарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар ведомство педагогтерге қысым көрсету, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы жанжалдарға қатысты жағдайларды да зерделемек. Министрдің айтуынша, әрбір өтініш жан-жақты қаралады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Мұғалім