Саясат

Мұхтар Әблязовтың сыбайласы экстрадицияланды

2020 жылғы 4 наурыздаБас прокуратураның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен БТА Банкінің бұрынғыбасқарушы директоры Рустам Ибрагимовты Қазақстанға экстрадициялады.

Jasalash.kz

Ибрагимов БТА Банкінің 250 млн. АҚШ доллары қаражатын МұхтарАблязовтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерімен бірлесіп жасаған ұрлығы үшініздеуде болған.

Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында ол,БАӘ-де Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып жасырынған. Алайда қазақстандық құқық қорғау органдарының араб және қырғыз әріптестерімен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде, сондай-ақ БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің көмегімен жоғарыда аталған төлқұжат заңсыз деп танылып, қылмыскер ұсталып, Қазақстан Республикасына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды. 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега