Әлеумет

Мұхтар Шаханов қайтыс болды

Қазақтың белгілі ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Фото: Жас Алаш / Асылхан Әбдірайым

Мәдениет және ақпарат министрлігі көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына, барша қазақ еліне көңіл айтты.

Бұған дейін ақынның ауыр хәлде ауруханада жатқаны туралы БАҚ беттерігде хабар тараған болатын.

Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол – қазақ поэзиясында өзіндік үні бар ақын, драматург, қоғам қайраткері.

Әр жылдары «Лениншіл жас» газетінде тілші, «Жалын» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарды.

Саяси-қоғамдық салада да белсенді болды. КСРО халық депутаты, ҚР Халық депутаты, 1993–2003 жылдары Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.

Ол –

  • Қазақстанның халық жазушысы (1996),
  • Қырғыз Республикасының халық ақыны (1994),
  • Қазақстанның Еңбек Ері (2022).

 

Шығармашылығы

Мұхтар Шаханов – көптеген поэтикалық жинақтар мен драмалық шығармалардың авторы. Оның ең танымал туындыларының қатарында:

  • «Бақыт»
  • «Ай туып келеді»
  • «Қырандар төбеге қонбайды»
  • «Сенім патшалығы»
  • «Махаббат заңы»
  • «Сократты еске алу түні»

Сондай-ақ, Шыңғыс Айтматовпен бірге жазған «Құз басындағы аңшының зары» еңбегі халықаралық деңгейде кең танылды.

Ақынның шығармалары әлемнің 20-дан астам тіліне аударылған.

Сайт Әкімшілігі