Баған

Мультимиллионер неге мазасыз?

Шахматшыларды әсте, сөзден ұстау оңай емес. Нақты фактініалдына жайып салғанда ғана цугцвангқа түсуі мүмкін.

Jasalash.kz

Әңгіме — Қазақстанныңбұрынғы шахмат федерациясының президенті Марғұлан Сейсембай хақында.

Соңғы аптада әлеуметтік желі бетінде қоғам белсендісіМұхтар Тайжан екеуі көпшілік алдында сөздің тура мағынасында беттен алып,беттен салды. Мұхтар Тайжан туралы әңгіме сәл кейінірек. Бізді Марғұланның сантүрлі жағдайдағы сан түрлі мінез-құлқы қызықтырып отыр. Жеке парақшасындаперіште образына енген Марғұланның шын бейнесі қандай?

Бұл сұраққа жауап берместен бұрын, Марғұланның тұлғаболып қалыптасу жолына назар аударайық.

1994 жылы Марғұлан еліміздің бидайын жақын және алысшетелге сатумен айналысатын «Сеймар-коммерция» компаниясын құрды. Бір жылдансоң, бұл компанияны «Сеймар» концерні етіп қайта тіркеді де, елдегі иесізқалған бүкіл құс фарикаларын сатып алуға көшті. Құс фабрикалары алғашқыда«Алматықұс» атымен белгілі болса, қазір «Алель агро» деген атпен танымал.Сөйтіп, бір сәтте біздің кейіпкеріміз Қазақстандағы «жұмыртқа патшасына»айналды. Бірақ жас кәсіпкерге бұл да аздық етті. Сөйтіп, 2002 жылы «Картел»компаниясын 12 млн долларға сатып алды. 2004 жылы фирманың қарызын жауып, оныресейлік «Вымпелкомға» 425 млн долларға сатып жібереді. Марғұланның бизнессаласындағы бас айналдырар осыншама жетістігіне Ақ Ордаға ықпалды адамдарментығыз байланысын да естен шығармау керек. Ресейдің компромат групп сайтыМарғұлан бизнесін өркендету ісінде атақты «төрт ағайынды» қылмыстық топпен деауыз жаласқанын жазады.

Марғұлан Сейсембаев тауықтарына тек жұмыртқа тудырып қанақойған жоқ.  Павлодар қаласындаорналасқан бұрынғы «Иртышбизнесбанкті» сатып алып, соның негізінде «Альянсбанк» АҚ қоғамын құрды. Арада екі жыл өткенде «Альянс банк» АҚ директорларкеңесінің төрағасы Марғұлан Сейсембаев банктегі салымшылардың ақшасын ұрлапалып, шетелге қашып кетті. Сол кездегі оқиғаларға аздап шегініс жасасақ. Осы ісбойынша журналистерге сұқбат берген Марғұланның адвокаты Паллада Тепсаеваныңайтуынша, Марғұлан Сейсембаев 2006-2007 жылдары өзіне қарасты компаниялардыңжер учаскелерін кепілге қоя отырып, ірі көлемде кредит таратқан. Несиежабылмастан, әділет басқармасына әлгі жерлерді кепілдіктен босату туралы хатжолдаған. Осындай күдікті жолмен салымшылардың 900 млн долларын қолды еткен.

Істі мұқият тергеген Алматы қаласы Медеу аудандық соты2011 жылы «Альянс банкті» тақырға отырғызған Марғұлан Сейсембайдан 192 млрдтеңге өндіріп алу туралы шешім шығарды. Бірақ Лондонда тығылып жатқан Марғұлантағы да ықпалды екі «көкесін» іске қосып, қылмыстық қудалауды тоқтатуға қолжеткізді. Инсайдерлік ақпарат көздері мұндай «жетістікке» жету үшін МарғұланСейсембай әлгі «көкелеріне» ұрлаған ақшасынан 250 млн доллар «сыйақы» бергенінайтады. Сөйтіп, 2012 жылдың ақпан айында Жоғарғы сот «Альянс банк» АҚ тарапынанқойылған талапты қанағаттандырмай тастайды.

Дәл осы жерде баса назар аударатын мынандай «қызықты» біржайт бар. Алматы қаласы Медеу аудандық соты Марғұлан Сейсембайды ҚР «Қылмыстықкодексінің» 220 бабымен айыптап үкім шығарса, Жоғарғы соттың шешімінен кейін,Бостандық аудандық соты Медеу аудандық соты шешімінің күшін жою туралы шешімқабылдайды. Сот тәжірибесінде бір аудандық соттың шешіміне екінші аудандықсоттың араласуға ешқандай құқығы жоқ. Шамасы, «жұмыртқа патшасының» қалтасынаншыққан 250 млн доллардың құдіреті ондай «ұсақ-түйекті» елемейтін-сынды. 

Банкир бола алмаған Марғұлан «Альянс банкты» 100 теңгеге«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына сатып «құтылды». Банкты банкроттықтан сақтапқалу үшін және салымшылардың қаржысын қайтару үшін мемлекет банкке тағы даорасан зор қаржы құйды. Анығырақ айтқанда, бір Марғұланның әлегі қарапайымсалық төлеушілердің бюджетке құйып жатқан қаржысына да қол салуға мәжбүр етті.

2018 жылдың ақпа айында Марғұлан Фейсбук желісіндегіпарақшасында: «Достар, мен Қазақстанғақайтып келемін. Қазір Мәскеудемін. Менің және отбасымның қауіпсіздігі үшін еңжоғары дәрежеде кепілдік берілді. Сонымен, өмір ары қарай жалғасады! Біз әлі дебірге көп нәрсені іске асырамыз! «Жоғарыдағы» (аты-жөндерін атамаймын)түсіністікпен қараған жандарға рақмет айтамын… Қазақстанда қайтакездескенше!» деген жазу қалдырды.

«Жұмыртқа патшасы» елге оралғасын, «Алель агро»фабрикасының құрылысын 26 гектарға кеңейтті. Балық өсіретін ферма ашты. Алмамен жаңғақ бағын отырғызды. Қоғамдық өмірге белсене араласты. Экспедицияларұйымдастырды. Қысқасы, тасы қайта өрледі.

Жақында тағы да әлеуметтік желіде «Үйімнің айналасын 30-40 адам (шамасы, комитетчиктер болуы керек) торыпжүр. «Алель агро» компаниясының басшыларын субсидяиға қатысты тергеп, қыспаққаалып жатыр. Мен акционер болғаныммен, ол іске титтей де қатысым жоқ», дегенсыңайда жазба қалдырып, елді тағы бір дүрліктірді. Қарапайым логикаға салсақ,Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы департаменті қызметкерлері Марғұланды«ұстау» үшін кеңседе бірі де қалмастан, шұбырып, өріп кеткендей көрінеді. Біркүдіктіні тұтқындауға әрі кетсе 3-4 адам ғана жеткілікті екені белгілі.Марғұланның бостан-бос байбалам салғанын көрген Мұхтар Тайжан да оңдырмады. «Алған субсидиясы заңсыз болса, жауапберсін!» деген сыңайда бірнеше пост жазып, жекпе-жек дебатқа шақырды. БірақМарғұлан дебатқа қатысудан бас тартты. Оқиға осымен әзірше саябырси қалды.

Оқырманға бір нәрсе айдан анық. Еліміздің төтеншежағдайға көшкеніне айдан асты. Бұл жағдай мамыр айының ортасына дейін созылуымүмкін.

Ал мультимиллионер Марғұлан Сейсембай дәл осы кездеәлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, ішер ас, тістер нанға жарымай отырғанбірде-бір отбасына көк тиын пайда тигізбегені белгілі. Оған бизнестіңәлеуметтік жауапкершілігінен гөрі, қалтасына басқан миллиардтары маңызды. Әліаман болсақ, Марғұланның талай әлегін көретін сияқтымыз.  

Тоқтар ЖАҚАШ, 

«Жас Алаш»

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега