Сараптама

Мұнай арзандаса да мұртын балта шаппайтын елдер бар

Халықаралық нарықтағы ең іріинвестициялық банк саналатын «Goldman Sachs»банкінің сарапшылары «бүкіләлемдік тауар биржаларында мұнай ендібұрынғыдай болмайды, одан әрі арзандайды» деген қорытынды айтты.

Jasalash.kz

 

 Негізгі экспорттық шикізатұа тәуелді болыптұрған елдер үшін мұнайдың арзандауы нағыз «жұт».  Ендігіде мұнайарқылы күн көріп отырған елдердің кірісі азаяды, қазынасы ортаяды, халықтыңтұрмыс деңгейі төмендейді. Мұны қазір біз бастан кеше бастадық… Ал осы мұнай бағасы төмендесе де экономикасы «қисаймайтын» елдер бар ма екен?!Зерттеп көрдік.

Жаңағы «Goldman Sachs» банкінің сарапшылары «мұнай бағасы 18долларға дейін төмендесе де жалпы ішкі өнімі артатын елдер баршылық» деп отыр.Аталмыш банк сарапшыларының мәлімдеуінше, мұндайда жеңіл өнеркәсібін дамытыпалған елдердің «қылы қисаймайды». Керісінше, бұл елдердің табысты дәуреніорнайды. Мұндай елдердің санатында Қытай, Үндістан, Түркия, Бразилия, АҚШ,Италия, Индонезия елдері көш бастап тұр.

Мұндай пікірді отандық мамандар да жоққа шығармайды.

 «Арзан мұнай көптеген мүмкіндіктергежол ашады. Мысалы, қазір киім тігетін жіптен бастап матаға дейін мұнайдан алуғаболады. Мұндай технологияны алпауыт елдер Қытай елі, Сауд Арабиясы, АҚШ әбденмеңгеріп алды. Қазір көптеген елдерді модернизация, инновация сақтап қалыпотыр»,-дейді экономист-сарапшы Кененбай Мырзақұлов.

Маманның пайымынша, қазір заман талабына ілесіп әр саланы дер кезіндежаңғыртып алған мемлекеттердің табысы да еселенетін шақ. Мысалы, Қытай жеңілөнеркәсібі арқылы бүкіл әлемді киіндіріп отыр. Ал сол жеңіл өнеркәсіпке қажеттіталшықтардың барлығы мұнайды химиялық синтездеу арқылы алынады. Кір жуғышзаттардан бастап, киім-кешекке қажетті сапалы талшықтар, киімнің сапасын бұзбайұзақ сақталуына мүмкіндік беретін талшықтар, шифондар, атластарға қосылатынзаттар тізе берсек көп. Міне, мұнай арзандаған соң мұндай материалдарды алу даарзанға түседі. «Сондықтан бұл арада мұнайдың арзандағаны расымен де біреугезиян болғанмен, біреуге пайда»,-деді маман.

Деректерге жүгінсек, Қытай қазір әлемді жаулаған індет ойсыратқанымен,  жалпы ішкі өнімін өсіріп, АҚШ-тан озып тұр.Қытайдың жалпы ішкі өнімі 6,9 пайызды құрап, 80 триллоннан юаннан асып түсті.Осылайша Қытайдың жалпы ішкі өнімі 13 триллион АҚШ долларына жуықтаған. Жеңілөнеркәсіп саласы Қытайда жалпы ұлттық өнімнің 33 пайызын құрайды. Көптегенелдерде жеңіл өнеркәсіп жалпы ұлттық өнім ретінде, экономиканың қорғаныш күшіесебінде қарастырылған. Ал бізде өкінішке қарай, жеңіл өнеркәсіп саласы әліаяққа тұра алмай отырғаны қарын аштырады.  

Мамандардың пайымдауынша, әлемде экономикасы мұнайдан түскен түсімгебайланған елдердің бірі Венесуэла. Венесуэла өкіметі бюджетіне түсетін түсімінмұнай бағамы «80 доллар болады» деп осы бағамға сәйкестендіріп жоспарлапты.Қазір бұл ел дағдарыста. Сол тәрізді Дания экономикасы да қазір үлкенкүйзелісте. Мұнай бағамының түсуінен Данияның ұлттық валютасы 40 пайызғақұнсызданып кеткен. Ал Норвегияда кешелі бері ұлттық валютасын 20 пайызғақұнсыздандырды. «Қазақстанға да мұнай бағамының мың құбылуы қатты әсер етеді. Елімізнақты сауатты шараларды қолға алмаса болашақтаұлттық экономиканы үлкен дағдарыскүтіп тұр» дейді мамандар.«Қазақстан үшін әрбір саланы нақты реформалау қажет. Әсересе жеңіл өнеркәсіпсаласына жаңаша серпін қажет. Олай етпесек, біз бұл салаға қатысты 92,7 пайызөнімді сырттан аламыз да, 7,3 пайыз өнімді ғана өзімізде өндіреміз. Қазақстандаотандық мақта-матадан киім тігу, теріден, былғарыдан аяқ киім тігу саласы кемшінқалып жатыр. Алдағы уақытта осы жайттарды тиісті ведмоствалар тәжірибе жүзіндедамытуға күш салғаны дұрыс»,-дейді Кенебай Мырзақұлов.  

Расымен ойлансақ, мұнайдан алынатын синтетикалық талшықтарды қосу арқылыИталия былғары етіктерін әлемдік бренд қылды. Түркияның киім-кешегі, тондарыжалпы ішкі өнімін еселеп отыр. Қытайда 1 тонна жүнге 100 грамм мұнай-химиялықталшығын қосу арқылы қаншама мата алынады. Мұнайдан қазір барлығын алып жатыр.Бізде шикі мұнай да көп, жеңіл өнеркәсіп саласына қатысты шикізат та баршылық.Бірақ біз сол тері-жүнді ұқсата алмай өртеп жібереміз. Қазір біздіңдизайнерлеріміз сапалы киім тігу үшін шетелден мата тасып, жіп тасып әлек.Сапалы киім тігу үшін шұға жіпті біз Италиядан алдырамыз. Ал сол шұға жіпөндіруге қажетті жүн де, қылшық та өзімізде бар. Бірақ оны өндіру мүмкіндігіжоқ.

Жалпы, жеңіл өнеркәсіп экономиканың салмақты кіріс кіргізетін саласы екенінмойындау керек. Бұл ретте қаржыгер Арман Мусиннің пайымынша, болашақтаҚазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласын жетілдіру үшін Ұлттық экономикаминистрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесіп жұмыс атқаруы тиіс. Олүшін алдымен ауыл-ауданкөлемінде шағын кластерлер жасақталуы тиіс.

«Сол шағын кластерлер арқылы жеңіл өнеркәсіптің ауыр жүгін жеңілдетугеболатын еді. Шағын кластерлер жергілікті жерлерде өндіруге тиімді ауылшаруашылығы шикізатынан, сервистік қызметтерден және тұтынушыларға тиімдібағамен жеткізу саясатынан тұрады ғой. Ол кластерлерді заңдық ұйымдастырутіптен қиын емес. Ол үшін  азаматтық кодекске сәйкес ассоциация,өндірістік кооператив, ЖШС т.б шағын орындар құрып оны «ҚазАгро» холдингіарқылы қаржыландыру керек еді. Мұндай жүйені жасақтау мемлекеттік тапсырысберу, қаржыландыру  және несиелендіру ауыл шаруашылығындағы  шағынөндірістер мен сервистік қызметтердің  бірігуіне жол ашатын еді.Өкініштісі бізде осындай ұсыныстарға мән берілмейді. Атқарушы билік тек шетелгеэкспортатуды ғана ұсынып отыр»,- деді қаржыгер Арман Мусин.

Сөйтіп мамандар алға тартып отырғандай, қазір әлем даурығып кетті. Биржадашикі мұнай қорының көбейіп кеткені соншалық тіпті оны сатып алатын да адамболмай тұр. Сондықтан бұл арада «болашақта мұнай химиясы арқылы жеңілөнеркәсіпті өркендету маңызды болмақ. Егер елде мұнай химиясы өркендейтін болсаонда біздің тұрмысқа қажетті заттарымыз түгел өзімізден өндірілер еді. «Бұлбағытта үш жылдық межеде нақты-нақты жобалармен жұмыс істеу бізге аса қажетболып отыр» дейді мамандар. Ендеше Үкіметтің құлағына «алтын сырға» деп қоялық.«Қиындықтан шығатын бір өткелдің жеңіл өнеркәсіп екенін аңғарса, бұл мәселегеенді билік жеңіл оймен қарамас» деп үміттенеміз…

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега