Экономика

Мұнай бағасы 9 пайызға құлдырады

Әлемдік мұнай бағасы 9 пайызға дейін құлдырады. 11 ақпаннан бастап алғаш рет Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 62 доллардан төмендеді, деп хабарлайды «Жас Алаш» РИА Новостиге сілтеме жасап.

Jasalash.kz

Нұр-Сұлтан уақытымен 01.35-тегі жағдай бойынша, Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына мамыр фьючерстерінің бағасы 9,07 пайызға, 61,83 долларға дейін төмендеді. WTI-дағы сәуір фьючерстерінің құны 9,15 пайызға, барреліне 58,69 долларға дейін арзандады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега