Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Мұрат Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Бұған дейін ол Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметін атқарған.
Мұрат Баймұқашев 1967 жылы туған. Ол құқық қорғау органдарында ұзақ жылдар қызмет атқарып, Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура жүйесінде жұмыс істеген. Әр жылдары Әкімшілік полиция комитетін басқарды, ішкі істер министрінің орынбасары болды.
2022-2023 жылдары Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары, ал 2023 жылдан бастап хатшының орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылы полиция генерал-майоры атағын алған.
Айта кетейік, Қауіпсіздік кеңесі аппараты 29 тамызда жеке мемлекеттік орган ретінде құрылды. Жаңа құрылым Президентке тікелей бағынады және оған есеп береді.