Қоғам

Мүсірепов театрының актрисасы Күләш Қажығалиева дүниеден өтті

ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және Еңбек ардагері медальдерінің иегері, Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың актрисасы Қажығалиева Күләш Сопқанқызы дүниеден өтті.

Фото: musrepov_teatry/

1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс жасаған артист Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» – Жанар , «Қызыл сұңқарлар»-Маруар , Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» – Қамқа шеше, Ш.Айтматов «Ыстықкөл трагедиясы» – Кемпір, «Ақ кеме» – Кемпір, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Ғани, Ә.Тарази «Жақсы кісі»-Балзия, О.Бөкей «Атау-Кере» – Марфа, «Ауылдан келген ару» – Сәндігүл, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Әже, А.П.Чехов «Шағала» – Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған.

Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Жаназасы 13.09.24. сағат 10:00-де Розыбакиев көшесі, 70-ші үй, 26-шы пәтер. Қонақасы 13.09.24 сағат 13:00-де Ару-Ана мейрамханасы, Төле би көшесі, 191, делінген театр хабарламасында.

Nazym Sapar
Тегтер: театр