Мырзахметовтің ауыр «мұрасы»
Әр облысқатағайындалған жаңа әкім аймақты дамытуға арналған түрлі жаңа жоба, ұсыныстарменкелетіні белгілі.
Жаңа әкімайналасына жаңадан команда жасақтаймын деп, көптеген қателікке жол беріп алды. СонауНұр-Сұлтан қаласында президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып қызметатқарып жүрген Талғат Момышевты бірінші орынбасар етіп қасына алдырды. Білімжәне ішкі саясат жөніндегі екінші орынбасар лауазымына облыстық білімбасқармасында басшы болып отырған Сұлушаш Құрманбекованы тағайындады. АлҚұрманбекова болса өзінің орнына білім саласына үш қайнаса сорпасы қосылмайтынмәдениет, мұрағат және құжаттандыру маманы Мүбарак Жинақбаеваны отырғызды.
Ал қалғанұсақ-түйек мекемелердің басшылығына Жамбыл өңірінде маман жоқтай, іргедегіШымкенттен шақырды. Әкім сол өңірдегі сайдың тасындай қыз-жігіттерді іріктепалудың орнына тамыр-таныстыққа кеңінен жол ашты. Ал мұның салдары білім беру,денсаулық сақтау, әлеуметтік саланың бәрінде жаңғырық болып, айналып келіпжатты. Тіпті Асқар Мырзахметовтің пиар-менеджерлері әкімнің бет-бейнесін,беделін әлеуметтік желіде қарша бораған сын-ескертулерден арашалап ала алмады.Оның үстіне пиар саласы да конструктивті пікірсайыс жүргізе алатын мамандардыңқолына емес, «сен тұр, мен атайын» дейтін бетпақ, көкбет келіншектердің қолынатүсті.
Асқар Мырзахметов әкім болып тұрған тұста облыста білімберу және денсаулық сақтау саласы қатты күйзеліске ұшырады.
Facebookжелісінде Тараз қаласы ақыл-ойының дамуындакемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының бұрынғыұстазы Айнұр Оразалиева мекемедегі жемқорлық, бармақ басты, көз қыстызаңсыздықтар жайлы бір жылдан астам уақыт тоқтаусыз жазумен болды. Тіптібелсенді мұғалім облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің қабылдауына кіріп, барлық заңсыздықтыжайып салу мақсатында бірнеше мәрте әкімдік алдында жалғыз адамдық пикет теұйымдастырды. «Әкім қабылдамаса, өзімді-өзім өртеймін» деп талап қойған соң ғанақабылдап, барлық мәселені шешуге уәде берді. Бірақ одан ешқандай нәтижешықпағанын көзіқарақты жұрт көріп отыр.
Мүбарак Жинақбаева облыстық білім беру саласындағыбылықтардың облыс басшылығы жайлы қалыптастырған стереотиптерге де селт еткенжоқ. Айнұр Оразалиева мұндай күрестен ештеңе шықпасын білгесін АҚШ-қа кетугемәжбүр болды. Қазір ол Ақ үй, БҰҰ кеңсесі алдында Жамбыл облысындағы жемқорлықтуралы жалғыз адамдық пикетке шығып жүр.
Былтыр мектепоқушысы дәретханада зорланып, үлкен резонансқа айналған соң, бірнеше күнненкейін әбден ойланған болуы керек, Мүбарак Жинақбаева қызметінен әрең кетті. Сөйтсек,бұл ханым да мемлекеттік қызметтен түгел кете қоймапты. Асқар Мырзахметов МүбаракЖинақбаеваны ешкімге білдірместен, айқай-шусыз мәдениет басқармасына әжептәуірқызметке тағайындап кетіпті. Тіпті мұны да аз десеңіз, кеше өткен Мәдениет қызметкерікүнінде кеудесіне «Мәдениетке сіңірген еңбегі үшін» медалін тағыпты. Бұданөткен сорақылық тіпті де болмас. Бұл мәселе бойынша мәдениет министрі АқтотыРайымқұлова мен қазіргі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қызметтік тексеружүргізіп, заңсыз әрекетке барған қызметкерлерге лайықты жаза қолданады депүміттенеміз.
Жамбылоблысындағы шаруалар да шаруасын шалқыта алмады. Шу ауданының кәсіпкерлеріқаншама жылдан бері қой жүнін өңдеп, жергілікті жерде кәсіпорындар ашуғаұмтылды. Бірақ облыс әкімі тарапынан қолдау таппады. Ал Меркі ауданыныңшаруалары түрлі қитұрқылықтардың кесірінен жайылымдық және егістік жерлеріненайырылды.
АсқарМырзахметовтің тұсында облыста қылмыс деңгейі де күрт өсті. Бір қызығы, АсқарМырзахметов бұрын Оңтүстік Қазақстан облысын (қазіргі Түркістан облысы)басқарғанда бұрынғы генерал-майор Молдияр Оразалиновтың ұлы Асқар Оразалиновсол облыстың ішкі істер департаментін басқарған еді. Жамбыл облысына келгендетағы да Арман Оразалинов облыстық ішкі істер департаментін басқарды. Қордайауданындағы контрабанда, есірткі тасымалы, Меркі ауданындағы ауруханақызметіндегі заңсыздықтарға көз жұма қарады. Есесіне халықпен кездесуде«облыста қылмыс деңгейі 12,8 пайызға төмендеді» деп, екіұшты ақпар беруменайналысты.
Жергілікті билікпен тәртіп сақшыларының салғырттығынан биыл ақпан айының басында Қордай оқиғасыбұрқ ете қалды. 300-ден астам адамның төбелесі кесірінен 30 үй, 15 кафе-дүкен,23 автокөлік өртеліп, 11 адам көз жұмды. Ауданға келген шығын 1 млрд 700 млнтеңгеден асты. Бұл трагедия бүкіл Қазақстан халқын селк еткізді. Мемлекетбасшыларының біртұтас, ынтымағы жарасқан мемлекет құруға сарп еткен 30 жылданбергі еңбегі Асқар Мырзахметов секілді бейғам әкімдердің кесірінен еш кетежаздады. Ал бұрын іскерлігімен аты шыққан Асқар Мырзахметовтің не себептіЖамбыл облысында «қолы жүрмей қалғаны» біз үшін де жұмбақ.
Облыстақордаланған мәселелерді шешу үшін «кризис-менеджер» ретінде танымал БердібекСапарбаев басшылықты қолға алды. Араға 15 күн салып Қордайда бір келіден артық героин сатыпжүрген ағайынды қылмыскерлер қолға түсті. Контрабанда легі күрт тоқтады. Тәртіпмәселесі қолға алынды. Бірақ алда әлі де атқарылуы тиіс қыруар жұмыс тұр. Еңбастысы, талғамсыз таңдалған кадрларды тазалап, Асқар Мырзахметовтен қалған«ауыр мұрадан» арылу қажет.
Ал бұл іскеБердібек Сапарбаевтың тәуекелі, ерік-жігері мен күш-қуаты жете ме? Оны алдағыуақытта көре жатармыз.
Тоқтар ЖАҚАШ,
«Жас Алаш»