Саясат

Мырзахметовты қимаймыз, Сапарбаевты сыйлаймыз...

Күнікешегі Қордайдағы қазақ-дүңген қақтығысынан кейін Әулиеатада тек әкім ғанаауысқан жоқ.

Jasalash.kz

Алдымен Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің басшысы АрманОразалиев қызметінен кеткені белгілі. Артынша облыс прокуроры Жарқын Құсайынов,ҰҚК-нің Жамбыл облыстық департаментінің басшысы Чапай Самаков та қызметтеріненбосады.

Бұлретте ішкі істер департаментіне басшы болып астанадан Жанат Сүлейменов келсе,ҰҚК-ге Марат Ирменов Ақтөбеден, прокурор болып Нұрғалым Әбдіров Түркістаноблысынан келді. Бұлардың барлығы да Бердібек Машбекұлымен қызмет жолында біргежолдары түйіскен жоғары шенділер. Осылайша Жамбыл облысының су жаңа әкіміБердібек Сапарбаев жаңа қызметке төрт құбыласын түгендеп алып барып кірісті.

Әрине,әкім болу жағынан ешкімге дес бермей, еңбек жолында бесінші облысты басқаруғакірісіп кеткен Бердібек Сапарбаевтың Әулие ата жеріндегі билігі көпкесозылмайды деп жорамалдаушылар көп. Оны енді уақыт көрсетеді.

Әйтсе де аз істесе де,көп істесе де Жамбыл облысының жаңа әкімі әдеттегідей «командасын» жинауға ә дегеннен-ақ кірісіп кетті. Бердібек Машбекұлының өз «командасымен»көшіп-қонып жүретіні жұртшылыққа  бұрыннан белгілі. СапарбаевЖамбылоблысына қызметке кіріскен алғашқы күндерден-ақ сонау астанадан өз көмекшісі,кеңесшілерін ертіп келсе, арада апта өтпей жатып, Ержан Жылқыбаевты өзініңорынбасары етіп тағайындады. Ержан Жұматұлы мен Бердібек Машбекұлының қызметтікжолдары бірнеше мәрте түйіскен. Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болыпжүрген кезде Жылқыбаев облыс әкімінің аппарат жетекшісі қызметін атқарса,кейінірек Сапарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарыпжүргенде Жылқыбаев оның орынбасары болды. Міне, енді Жылқыбаев Жамбыл жеріндеоблыс әкімінің орынбасары ретінде Сапарбаевпен «жұлдызды жұптарымен» қызметтерінбірге жалғастырмақ.

Сапарбаев облыс әкіміретінде алғашқы сапарын Қордай ауданынан бастады. Бірақ, бұл сапарында Қордайғаәкім тағайындалмады. Облыс әкімі бұл іске асықпай, әбден ойланып-толғанып барыпкірісуді жөн көрген сияқты. Соның алдында облыс әкімінің аппаратымен үлкенжиналыс өткізіп, бірқатар салалардың жұмысын қатты сынға алған болатын.Сол-сол-ақ екен, әкімдер мен басқарма басшылары арасында бір дүрбелең басталыпкетті. Әйтеуір, қазір әулиеаталықтар арасында «Пәленше қызметіненкетеді екен, оның орнына сырттан «Түгенше» келеді екен» дегенәңгіме өршіп тұр. Соған қарағанда Сапарбаевтың сырттан кадр алдыруыЖылқыбаевпен ғана тоқтамайтын сияқты.

Айтпақшы, Әулие атажерінде екі жылдан сәл ғана астам уақыт қызмет атқарған Асқар Мырзахметов көптікөргендігін танытып, кетерінде Тараз қаласында «қоштасу шайын» берді.Жиналған жұрт бұрынғы облыс

басшысының жұмысын әбденмақтады. «Мырзахметовты қимаймыз, бірақ, Сапарбаевты сыйлаймыз» десті олар. Бұлдастархан төрінде Бердібек Сапарбаевтың өзі де Мырзахметовпен бірге отырды. 

 ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега