Қоғам

Мысырдан келген астаналықтар ПТР-тест тапсырмай қашып кеткен

Шарм-әл-Шейхтен оралған елордалықтар әуежайда арнайы автобусқа отырғызатын кезде ПТР-тест тапсырмай қашып кеткен.

Jasalash.kz

«Бүгін Шарм-әл-Шейхтен келген екі елордалықтың ПТР-тесті болмаған. Олар ПТР-анализ тапсыру үшін арнайы автобусқа отырғызатын кезде әуежайдан қашып кетті», — деді көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

Көлік полициясының қызметкерлері олардың қайда екенін анықтап, карантин стационарына жеткізген. 

23 қазанға қараған түнде Қазақстанға 11 халықаралық рейспен 1291 жолаушы келді. Оның 962-сінде анықтама болған, 329 адам анықтамасыз келген.

Нұр-Сұлтанға — бес рейс, 522 жолаушы, анықтамасы бар — 373, анықтамасы жоқ — 149; Алматыға — бес рейс, 728 жолаушы, анықтамасы бар — 548, анықтамасы жоқ — 180; Ақтауға — бір рейс, 41 жолаушы, анықтамасы бар — 41.

Ведомствоның мәліметінше, анықтамасыз келген қазақстандықтар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ПТР-анализ тапсыру үшін карантин стационарларына жатқызылған.

Жолаушылар Түркия, Мысыр, БАӘ, Беларусь, Грузия және Ресейден келген.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега