Н. Сабильянов: «Сыйластыққа сызат түспеген 40 жыл»
Мектеп түлектерінің 20 жылдықкездесуін өткізу – қалыптасқан дәстүр, бұлжымас қағида.
Ал, араға тағы да бір20 жыл салып, 40 жылдан кейінгі кездесудің куәсі болу кез-келген түлектердіңеншісіне бұйыра бермейді. Кездескен күнде де уақыт ағымымен бірі қырда, біріқалада, бірі алыста жүрсе, енді бірі ауылдан ұзағалы мүлдем хабарсызкететіндіктен, түлектердің түгелдей бас қосуы сирек құбылыс. Ал, ШҚО, Аякөзауданы, Шыңғожа ауылындағы (бұрынғы «Нарын» совхозы) Шыңғожа батыр ортамектебін 1979 жылдың маусым айында бітірген түлектердің күні бүгінге дейінтатулығы тарқамай, сыйластығына сызат түспей келе жатқаны – қызыға қарайтынөмір шындығы. Сол жылы дүниеге келген сәбидің өзі бұл күнде қырықтың қырқасынакөтерілген азамат болды. Ал сол жылы Шыңғожадағы мектепті бітіргендер қазірүлкен-кіші түгел ардақтап, арқа сүйейтін ел ағаларына айналды. Небары он жетіжастағы бозбала мен бойжеткен сол кезеңнің ерекше өмір бастауы іспетті «Комсомол-жастарбригадасында» еңбек пен болашаққа есік ашты.
«БіздіңНұртай»
Бүгінде шыңғожалықтардыңүлкен-кіші, кәрі-жасының бәрі де есімін ерекше құрметпен айтатын қазақтың ортақұлына айналған перзенті бар. Ол – Парламент Мәжілісінің депутаты, экономикалықреформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай САБИЛЬЯНОВ. Тәптіштептаныстыруды қажет етпейтін Нұртай Салихұлының жоғарыда айтылған түлектерқатарында осы ауылдан түлеп ұшқаны кім қалай дәріптесе де ақылға сыйымды,көңілге қонымды. Қазақтың қай ауылына барса да сұраған жанға Шығыс өңірдіңАякөз ауданынан, соның ішінде туған жері – Шыңғожа ауылынан екендігін айтажүретіндіктен шығар, ауылдастары да әр қиырға жол түскенде Шыңғожаны айтса,«Сабильяновтың ауылынан екенсің ғой» деп елең ете түсетіні өз алдына бөлекәңгіме. Мәжіліс депутатының туған ауылын сүйетіні, бірге оқыған сыныптастарыменбала күннен қалыптасқан достық пейілмен етене араласатыны да – оның үлгіліотбасының тәрбиесін көргендігі, білікті ұстаздардан сарқылмас білім мен өмірлікөнеге алғандығын аңғартып тұрғандай. Сондықтан да шығар ұстаздарының да,сыныптастарының да, жалпы ауылдастарының да «Біздің Нұртай» деп айтуының мәнітереңде деуге болады.
Шыңғожаныңшырайын ашқан ғимарат
Жолсапарда жүріп, дәл осыШыңғожа ауылына жолымыз түскенде 1979 жылғы мектеп түлектерінің кездесуіне тапболдық. Түлектер кездесуінің қызықты сәттерін айтпас бұрын, ауылдың ажарыненгізіп тұрған Мәдениет үйіне тоқталайық. Тоқсаныншы жылдардың соңындағыаласапыран кезеңде ауылдағы бұл нысанның дүние-мүлкі тоналып, қабырғасы құлап,адам көргісіз күйге түскені рас. Бұл кәсіпкерлікпен айналысып жүрген НұртайСалихұлын қатты толғандырды. Жақсылық жасауды туған жерден бастау керектігініштей түйсінген ол алдымен 1997 жылы өзі бітірген мектебіне әріптесқызметкерлерімен бірге келіп, кешенді су жаңа компьютер сыныбын сыйға тартты.Аякөз ауданы мектептерінің ішінде бірінші болып, осы Шыңғожа орта мектебі жаңазаманның озық технологиясына қол жеткізгенде өзге ауыл мектептері тамсанақарады. Бұл, сөз жоқ, қазақтың Атымтай жомарты атанған азаматтың перзенттікпарызын орындауы еді. Ал ауыл ішінде алыстан көзге түсетін 200 адамдық Мәдениетүйі – Мәжіліс депутаты Н. Сабильяновтың өз қаражатына салдырған нысаны.Шындығына көшсек, қазіргі күнде қазақ меценаттарының дені ауылына ат басынбұрса, ата-бабасын дәріптетіп ұлан-асыр той жасап, атына көше бергізіп, оданқалса, мектептен сынып бөлмесін ашуға барын салып жатады. Бұл да қажет шығар,бәлкім. Алайда, туған ауылдың түйткілді мәселесін шешуге назар аудармаған ердіңел құрметіне бөленуі неғайбыл. Сол себептен де ауылдастарының қабырғасынабатқан жайды шешуге тәуекел еткен Нұртай Салихұлы қораға айналуға сәл қалғаннысанды аз уақыт ішінде адам танымастай жаңартып қайтадан салып берді. Құрылысжұмыстарының ойдағыдай жүруіне шынайы ниетпен қажетті қаражатын жұмсап,түгелдей жабдықтап беруден аянып қалған жоқ. Ғимаратты сапалы материалдансалдырып қана қоймай, Мәдениет үйіне қажетті дүние-мүлік, көрермен залынбезендіру, сахналық жабдықтар, музыкалық аспаптармен қамтамасыз ету сияқты бірауданның бюджеті көтере бермейтін тәуекел істі осылайша Н.Сабильянов зорқажырлы еңбекпен орындап шықты. Сонымен бірге еңселі ғимарат ішінен кітапханағада орын бөліп, оның сөрелерінен қазақ әдебиеті мен өнерінің құнды жауһарларысаналатын кітаптар көз тартып шыға келгенде ауылдастарының қуанышында шек жоқеді. Сонымен қатар ауылына, мектебіне көрсеткен әртүрлі сый-тартуларыауылдастарын бұған дейін де тәнті етіп жүрген болатын.
Бұл Мәдениет үйінде ауылдыңғана емес, еліміздің өткені мен бүгінін баяндайтын дүниелер де баршылық екен.2005 жылы ауылдағы мәдени нысандарға арналған республикалық байқауда І орыналуы да көп жайды байқатады. Белгілі боксшы Бақтияр Артаев Афины Олимпиадасындажалғыз алтын медальді әкелгенде ұлтжандылығымен қасынан табылып, меценатСабильяновтың ауылына шақырып автокөлік мінгізгені бүгінде естелікке айналса даестен кетпес оқиға екені шындық. Қазақтың эстрада жұлдыздары Р.Рымбаева, М.Ілиясова, Д.Таңатаров, М.Сәдуақасова, С.Медеуов, А.Керімбекова, Т. Серіков,Б.Сейдуалиева, М. Түсіпбаева, А. Жорабаева осы Мәдениет үйінің сахнасындаконцерт беріп, Сабильянов туған ауылдың қандай екендігіне көзі жетіп қайтты.Мәдениет үйінің басшысы Ғалия АҚМОЛДИНА осы тұрғыдағы естеліктерді қызықтыратілге тиек етті. Жерлестерінің көкейіндегі мәселені осылайша шешкен НұртайСалихұлы Мәдениет үйін пайдалануға берген күннен бастап, 5 жыл бойына барлықшығындарына қарамай өз қаражатына ұстап, одан кейін мемлекет иелігіне тегінөткізуі де оның туған ауылын сүйген тұлғалық қасиетін айғақтап тұр.
Нұртай Салихұлымен бірге осынысанды аралай жүріп әңгімесінен ұққанымыз – «мен» деген азамат алдыменауылдастарын қадірлеп, ауылына жаны ашуы керек. Қай ауылға барса да қарапайымқазақы қасиеті мен парасат-пайымы көре білген жанға үлгі боларлық азаматтыңШыңғожадан шыңдалғаны шынында да сүйсінтеді-ақ. Осылайша ауылдастарына көзқызығарлық Мәдениет үйін салып бергелі де 16 жылдың жүзі болыпты. Содан беріішкі-сыртқы келбетіне бір сызат түспеген ғимараттың қалай сапалы салынғанынжарқыраған едені, тамасандырар төбесі, төрт қабырғасы дәлелдеп тұр.
Мектеппартасынан Парламент палатасына дейін...
Он жыл мектеп партасындаотырғанда білім берген ұстаздарын бүгінге дейін ұмытпайтын Мәжіліс депутаты Н.Сабильяновтың оларға деген шәкірттік құрметі айрықша. Оның бір көрінісінқабырғадағы Парламент Мәжілісінің ғимаратында ұстаздарымен түскен суреттерденкөруге болады.
-Осыдан сегіз жыл бұрын, 2011 жылы бір топ ұстаздарымды ауылдан Парламенткеалдырып, қызмет істейтін орынымды көрсеттім. Бүгіндері ортамызда жоқ Биторымұғалім бастаған ұстаздарымызға деген алғысымды білдіру еді бұл. Біз қай жерде,қандай қызмет істеп жүрсек те ұстазымыз алдында шәкіртпіз. Оқу ісінің меңгерушісіболған, қазір Аякөз қаласында тұратын Сәлима Болатова ұстазымыз өте талапшыл еді. Сонымен қатар бізге білімдіжәне тәртіпті болуды үйретті. Мектеп директорымыз Кәден Азилов өте салмақты, тәжірибелі, білімді, ауылға ерекше сыйлы адам еді. Өркен ауылында тұратын БолатБөрібаев білікті басшы болғаны есімізде. Одан кейінгі директор ӘбділқадырОспанов 30 жылдай мектепті басқарып, деңгейін бұрынғыдан да жоғарылатты. Албүгінгі түлектер кездесуінде Айтан Исатаев, Қапау Аушанова, ГүлбаршынСейітқазина, Қайырбек Қарынбаев, Гүлзейнеш Омарбекова, Рысгүл Атаева, ОрынғайшаӨсімханова сияқты ұстаздарымыз келгенде оқушылық кездеріміз еске түсіп, бірмарқайып қалдық. Сонымен қатар ауылымызда тұратын Халел Дайырбаев пен СәулеБейсекенова да біздің үлгі тұтар ұстаздарымыз,-дейді Мәжіліс депутаты Н.Сабильянов.
Осы 40 жылдық орайындаемен-жарқын әңгімелесіп, қуанышқа бөленген Шыңғожа орта мектебінің 1979 жылғытүлектері Мәдениет үйіндегі кездесуде сол кездің талай қызықтарын ортаға салды.Бір топ ұстаздарына құрметін білдіріп, оларды Н. Сабильяновтың Сарыағаш шипажайына, Түркістанға демалып, аралапқайтуға жолдама бергені де «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген мәтелдің мәнін тереңдететүскендей. Айтпақшы, осы шәкірттердің арасынан «үш математик» атанған есепкежүйрік, білімге зеректер шыққанын да айтып өткен жөн болар. Сол үшеудің бірі – СалтанатИбраева қазір математика ғылымдарының кандидаты, білікті педагог болса, МарфуғаОмарова – Жамбыл облысындағы мектеп-гимназиясы директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары. Ал, үшіншісіНұртай Сабильянов – Парламент Мәжілісінің депутаты, белгілі меценат. Одан өзгебірі құрылысшы, бірі дәрігер, бірі такси жүргізушісі, бірі мұғалім, бірі мемлекеттікқызметші болып жүрсе де бірін-бірінен алшақтамай, ұйымдаса тірлік кешіп, отбасылыққуаныштарын бөлісіп жүргенінің өзі бір ғанибет.
«Мектептегі махаббат басталады партадан» дегендей түлектер арасында бірсыныпта оқып бітіріп, отау құрғандары да бар екен.«Алтай Айтақов Жаңылыс Қасымқызымен шаңырақ көтерсе, Аманғазы Нұрғалиев ҒалияАқмолдинаға үйленді. Мұратай Нұрғазыұлы Гүлжанат Мәжитқызымен өмір жарастырды.Өкінішке қарай, Мұратай қазір ортамызда жоқ… Бүгін біз мектепте бірге оқыған 46 ұл-қыздың арасынан мәңгілік мекенгеаттанған 15 сыныптасымыздың рухына Құран бағыштап, ас бердік»,-дейді СүйіндікТөлеусейітұлы.
Айта жүретін қызықтарытаусылмайтын Шыңғожа ауылының 1979 жылғы түлектер тойының куәсі болып қанақоймай, қаншама уақыт өтсе де бірін-бірі іздеп тұратын, сыйластықтарына сызаттүсірмейтін түлектер кездесуіне тәнті болып аттандық.
Фотолар автордікі.