Наразы топ Шахановты Жазушылар одағынан шығармақ
Бүгін Қазақстан Жазушылар одағына «Шаханов дауына» байланысты наразы топ арнайы мәлімдемемен келді.
Жамбылдың ұрпақтары мен ақын мұрасын құрметтеушілер, өзге де оқырмандар мен жеке тұлғалардың қояр талабы біреу-ақ: Даңқты ақынның аруағына тас атып, рухын, жырын қорлауға жол берілмесін!Осыдан бірнеше күн бұрын Мұхтар Шахановтың өз өлеңінде, ізінше жасаған мәлімдемесінде Жамбылға, Мұхтар Әуезовке, Сәбит Мұқановқа, Мұқағали Мақатаевқа қатысты даулы пікір айтқан. Бұл пікір әлеуметтік желілер мен БАҚ-да көп талқыланып, наразылық тудырған. Енді бүгін жыр алыбы атанған ақынның ұрпақтары арнайы талап қойып отыр.Наразы топ Жазушылар одағы басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің атына жазған өтініш хатқа 560 адам қол қойған. Хатта:«Құрметті Ұлықбек мырза!Біздің сізден өтінеріміз:
- Жамбыл 1936 жылдан Жазушылар одағының мүшесі, оны қаралаған ауыр қылмыстық жала жапқан М.Шахановтың мәселесі қаралып, оны Жазушылар Одағы мүшесінен шығаруды сұраймыз.
- М.Шахановты осындай ауыр қылмысы үшін Жазушылар одағы басқармасы сотқа шағым түсіріп, әділ бағасын беріп, Жамбылдай ұлы ақынды қолдап, қорғап қалуды өтінеміз», делінген.