Қоғам

Наталья Годунова «ҚТЖ» директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының директорлар кеңесінен Наталья Годунова шығарылды. Тиісті шешімді компанияның жалғыз акционері 26 тамызда қабылдаған.

Фото: gov.kz

Бұл ақпаратты «ҚТЖ» қор биржасына жариялады. Годунованың орнына әзірге директорлар кеңесіне жаңа мүше тағайындалмаған. Осы өзгерістен кейін басқару органының құрамында 8 адам қалды.

Айта кетейік, Наталья Годунова жақында Құрылтай депутаты болып сайланған.

Ал 28 тамызда ол Экономикалық саясат, энергетика және өнеркәсіп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Сайт Әкімшілігі