Қоғам

Назарбаев қоры шахтада қаза тапқандардың отбасыларына 50 миллион теңге бөлді

Костенко шахтасындағы апат салдарынан 46 кенші қаза тапты

Фото: из открытых источников

Нұрсұлтан Назарбаев қоры Тұңғыш президенттің кеніштегі қайғылы оқиғаға қатты алаңдаушылық білдіргенін мәлімдеді. 

Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаны зор күйзеліспен қабылдаған еліміздің тұңғыш президентінің тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасына 50 млн теңге көлемінде қаржылай көмек бөлді, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 8 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада метан жарылып, салдарынан 46 кенші көз жұмды. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Премьер-министрдің төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды. 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Т. РАУШАНҰЛЫ