Назарбаев тапсырған трансформация мен Қазатомпромдағы дау (видео)
«Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВтапсырған трансформацияны сылтауратып басшылар сыбайлас жемқорлыққа жол ашыпалды».
Биыл «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясына қарасты «Орталық» ЖШС-ініңқұрамындағы жұмысшылар осылай деп президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА бейнеүндеужолдаған болатын.
Расында да тұңғыш президенттің трансформациялау саясатынуран саласындағы басшылар пайдаланып, ойына келгенін істеп жатқанға ұқсайды. «Жасалаш» газетінің редакциясына осы жөнінде шағымданып келген алматылық Алғабек ОРМАНҚҰЛОВТЫҢ айтуынша, бәрі 2017жылдан басталған.
Арызданушы Түркістан облысы Созақ ауданында «Қазатомөнеркәсіп»Ұлттық атом компаниясына қарасты «Орталық» ЖШС-нің кенішінде жұмыс істеген.
-Серіктестіктіңбас директоры А.Өмірбеков жылумен қамтамасыз ету және канализация бөлімініңжұмысшыларын 2017 жылы қазан айында «ТаукентЭнергоСервис» (ТЭС) ЖШС-іне (директорыА.Насырлаев) өткізді. Алғашқыда басшылар айлық және қосымша қаражаттар сақталадыдеп сендірді. Алайда шын мәнінде олай болмай шықты. А.Насырлаев жол жәнеэкология қаражатын төлеуден бас тартты. Ақыр аяғында 2018 жылы қазанында жұмысшыларды өзінің туысыболып келетін М.Нұрсейітов басқаратын «Беймарал» ЖШС-іне өткізді. Төрт айданкейін проблема ушыққан соң А.Насырлаевжұмысшыларды қайтадан «ТЭС» ЖШС-іне қайтарып алды,-дейді арызданушы.Сонда трансформацияныңжемісі осы-жұмысшыларды ары-бері тентірету болғаны ма?
Ниетбаев уәдеберген еді...
Бір қызығы, жұмысшылар «ТЭС» ЖШС-іне қайта өткен кезде А.Насырлаев олардың айлықтарын 50пайызға қысқартып, разрядтарын заңсыз төменгі сатыға түсіріп тастаған.Жұмысшылар осыдан кейін президент Қ.Тоқаевқа арнап бейне жолдау жариялайды. Осыбейне жолдаудан кейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басқарма төрағасы Ғалымжан ПІРМАТОВТЫҢөндіріс бойынша орынбасары М.Ниетбаевтың басшылығымен комиссия келеді.
-Тексерісбарысында жұмысшылар комиссия мүшелеріне «Орталық», «ТЭС», «Беймарал»компаниялар арасында сыбайлас жемқорлықтың бар екендігін фактілермен дәлелдепберді. Тексерістен кейін М.Ниетбаев басшыларға қатаң шара қолданатынын,жұмысшыларды ешкім қудаламайтынын айтып, уәде берген еді. Алайда, қомиссия кетесалысымен қудалау басталды. Бұл тапсырманы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ-ның төрағасы Ғ.Пірматовберіп отыр ма деген күдігіміз бар. Жұмысшылар амалдың жоғынан Қ.Тоқаевқа екіншіқайтара бейне үндеу жариялады. Осыдан кейін Ғ.Пірматов «Орталық» ЖШС-ідиректоры А.Өмірбековты жұмысынан босатып, «Қызылқұм» ЖШС-інің бас директорлығына тағайындады,-дейдіарызданушы. Бірақ «арызқой»жұмысшыларды қудалау тоқтамаған.
Алғабек Орманқұловтың айтуынша бесінші разрядтыслесарь-жөндеуші болып істеп жүрген оны 21 қазанда директор Серік АСҚАНБЕКОВ жұмыстанбосатып жіберген. Арызданушы «бұл тікелей «Орталық» ЖШС-інің бас директорыЖұмағали МАРКЕНБАЕВТЫҢ тапсырмасы бойынша жүргізілген болуы мүмкін» дейді.
-Менің төрт баламбар, келіншегім жұмыс істемейді. Себебі бір қызым мүгедек, соған қарайды. Осы жағдайдыңбәрін біле тұра С.Асқанбеков мені жұмыстан шығарып отыр. Оның басты себебі Тоқаевқа шындықты айтып, бейнеүндеу жолдау депесептеймін. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясының төрағасы Пірматовтан бастап«Орталық» ЖШС-інің бұрынғы директоры А.Өмірбеков қазіргі бас директор Ж.Маркенбаев, бас инженер Е.Батталов,«Беймарал» ЖШС-інің диреторы М.Нұрсейтов, «Universal Service – DDK» ЖШС-інің директоры С.Асқанбеков бәрі бір-бірімен байланысқан,ым-жымы бір,-дейді А.Орманқұлов.
Тоқаевқа бейнеүндеу жолдағаны үшін қуған-сүргінге ұшырап,заңсыз жұмыстан шығып қалған жұмысшылардың бірі Талғат СЫЗДЫҚОВ Қызылордаоблысы Шиелі ауданының тұрғыны. Оның редакцияға жазып берген арызына қарағанда,Серік Асқанбеков оны да 21 қазанда вахталық жұмысқа келген кезде ештеңенітүсіндірместен жұмыстан шығарып жіберген.
— «Орталық»ЖШС-мен ым-жымы бір болып отырған компанияның бірі – «Самұрық сервис» мекемесі.Оның атқарушы директоры С. Мамбетов деген азамат. Бұл компанияда негізінен әйелдержұмыс істейді. Олар да компаниядағы басшылардың өрескел заң бұзушылықтарына, дөрекі мінезкөрсетулеріне және сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне байланысты Қ. Тоқаевтанкөмек сұрап, бейне жолдау жариялаған болатын. Сол жағдайдан бастап «Самұрықсервис» және «Орталық» ЖШС-і басшыларыкеніш директоры Ерғали БАТТАЛОВПЕН бірігіп, жұмысшыларды қуғынға ұшыратуда. Бұлұжымды негізінен әлеуметтік жағдайы төмен азаматшалар құрайды. Жетім-жесір, жалғыз басты және 1-ші топтағымүгедек баласы бар аналар көп. Жағдайдыңушыққаны соншалық басшылықтың қорлығына шыдамаған Мәдина ТӨЛЕТОВА вахталықпоселокта өз-өзіне қол жұмсау (суицид) әрекетіне дейін барған, ал заңсыз жұмыстаншығарылған Жанерке ӘЛІМ бүгінгі күнге дейін сотқа жүгінуге қажетті құжаттарынкомпаниядан ала алмай жүр,-дейді А.Орманқұлов.
Жиенінің былығыннағашысы жабады
А.Орманқұловтың айтуынша, «Таукентэнергосервис»-тіңалғашқы құрылтайшысы Созақ ауданындағы атышулы азамат Жұматай МАРКЕНБАЕВ болған.
-А. Өмірбековоның жиені болып келеді. Ғ.ПірматовА.Өмірбековтың былығын жабу мақсатында Жұматай Маркенбаевтың ұлы Жұмағали Маркенбаевты«Заречное» кенішінен «Орталық» кенішіне бас директорлыққа алып барды. Бұлротацияны «жиенінің былығын нағашысы жабады» деп түсінуге болатын сияқты. Ғ.Пірматов,М.Ниетбаев, А.Өмірбеков, Ж.Маркенбаев, Б.Айдүйсенов «Орталық» ЖШС-ін жекешелендіріпалған секілді,-дейді арызданушы. Трансформацияның талаптары бойынша «Орталық»ЖШС-і жұмыстарды тендер өткізіп, жеке кәсіпорындар арқылы жүргізуге көшкен. Осыжеке кәсіпорындарды басшылардың өздері құрып, туыстарының аттарына тіркеп, тендердіұтып алатын көрінеді.
2019 жылы маусымайында жұмысшылар «ТЭС» ЖШС-інен «Universal Service – DDK» ЖШС-іне өтті. Бұлкомпания Жұматай Маркенбаевтың жиені Қанат Нұржановқа тиесілі болып шықты. Ж.МаркенбаевтыңМәдина атты қарындасына тиесілі «ТС – Таукент» мекемесі «Орталық» ЖШС-індеемін-еркін жұмыс істейді. Мәдина атты азаматша Қ.Нұржановтың анасы көрінеді. «Орталық»ЖШС-іне А.Өмірбеков басшылық жасаған кездері көптеген күдікті, күмәндіәрекеттер орын алды. Жұмысшыларға арналған демалыс бөлмесі, бассейні, моншасыбар спорт кешені бұзылып қайтадан жалғыз спорт кешені салынды. Компанияның миллиондары жұмсалған бұл жобақаншалықты қажет еді? Сапасыз футбол алаңына қатысты да түсініксіз жайттар көп. Осы спорт кешенін салуда көптеген жұмыстүрлерін «Орталық ЖШС-нің жұмысшылары істеді. Заң бойыншатендер ұтқан компания бәрін аяғына дейін орындауы керек еді. «Орталық» ЖШС-інде іске аспайтын жалған өнертапқыштық ұсыныстар (рационализаторские предложения) бойыншамиллиондаған қаражат жұмсалуда. Бұл жобаларбас инженер Б.Айдүйсенов пен ПТО бастығыА Түленовке тиесілі болып отыр. Жалпақ кен орны бойынша жол салуға бөлінгенқаражаттар ысырап болды. Электр желілерін жүргізу барысында ірі көлемде қаражаттар шығындалды. Жұмыстар аяқталмай тұрып, актілерге қол қойылып,оның аяғы дауға айналды. Жаңадансалынған жолдарды қыс кезінде ұстап тұруүшін шамадан тыс қаражат бөлінеді. Миллиондаған қаражатқа қажетсіз интернетжүйесінен алынған стендттержасалды. Былтыр жазда «Орталық» ЖШС -нің барлыққызметкерлері «Алма Тау» демалысорнында Тимбилдинг бағдарламасы бойыншатүкке қажет емес бірнеше күндік курстанөткен болатын. Демалыс орны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ-ның төрағасы Ғ.Пірматовтыңжақындарына тиесілі деген сөздер айтылады. Осы курстың арқасында қаншамиллиондаған қаражат жұмсалғаны айтпаса да түсінікті,-делінген А.Орманқұловтыңбізге жазып берген арызында.
Әрине, мұндағы фактілер тексеруді қажет етеді. Алайдақазіргі уақытта «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясына қарасты «Орталық» ЖШС-іненмәлімет алу қиынның қиыны. Турасын айтқанда мүмкін емес. Біз өткен аптадаарызданушының келтірген фактілері бойынша «Орталық» ЖШС-інің бас директорыЖ.Маркенбаевтың пікірін білу үшін компанияның Шымкенттегі кеңсесіне барғанбыз.Алайда бас директормен жолығу мүмкін болмады. Орынбасар кадр бөліміне жолдады.Ондағылардың айтуынша, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясы басшыларының бергеннұсқауы бойынша мекеменің еншілес кәсіпорындарындағы кез-келген қызметкерақпарат құралдарына сұхбат бере алмайды екен. Сондықтан елордадағы «Қазатомөнеркәсіптің»бас кеңсесіне барып, ақпарат жөніндегі өкілмен сөйлесуіміз керек екен. Мұның даНазарбаевтың тапсырған трансформацияға қатысы бар ма?
Біздің бұл мақаланы жазғандағы мақсатымыз-біреуді қаралауемес, «жұмыстан заңсыз шығарылдық» дегенжұмысшылардың жанайқайын жеткізу. Олар «Орталық» ЖШС-інде тексеру жұмыстарынжүргізуді талап етіп отыр. Тиісті құзырлы органдар бұл жанайқайға құлақ аса, маәлде бәрі жаңғырық күйінде қала ма? Халықтың талап-тілегіне құлақ асатын өкіметқұрамыз деп шапқылап жүрген басшылардан жауап күтеміз.
Фото: platon.asia