Баған

Назарбаевқа берілген атақ Бердімұхамедовке 5 жылдан кейін бұйырды

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов бұдан былай «елдің құрметтіақсақалы» («Hormatly il ýaşulusy»).

Jasalash.kz

Оған бұл атақты Түркіменстанның Халық мәслихаты мен Мәжілісі «халықтыңтабанды өтінішінен» кейін берді.

62 жастағы Г. Бердімұхамедовке бұл атақты беру қаулысын мәжіліс төрайымыГүлшат Маммедова оқып, «құрметті ақсақал»атағы «отан алдындағы жасампаз, адал және жанкешті еңбегі үшін» берілетінінмәлімдеген. Төрайымның сөзінше, «құрметті ақсақал» атағын беруді ел азаматтарымен қоғамдық ұйым өкілдері мәжілістен өтінген тіпті талап еткен. Түркіменстанақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, бұған дейін жиырмадан астам медал менорден тағынған Г.Бердімұхамедов «құрметті ақсақалға» айналған сәттезалдағылардың бәрі орындарынан тік тұрып, ұзақ уақыт бойы қолшапалақтаған.

Кеудесіне жаңа ордан тағынған Гурбангулы Бердімұхамедов қуатты мемлекетТүркіменстанның әлемдік аренадағы айрықша орнын айтып өткен.

–Біз әлі де әлем дамуына айрықша үлесімізді қосамыз. Егер достық пен бірліктеалға жүре берсек, кез келген биікті бағындырамыз,– депті «құрметті ақсақал».

2014 жылы дәл осы «құрметті ақсақал» атағы Ашгабатқа ресми сапармен барғанҚазақстан президенті Н.Назарбаевқа да берілген еді.  

<span style=«color:#7C7C7C;font-family:» font-size:13px;background-color:#ffffff;"="">ФОТО: turkmenistan.gov.tm

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега