Саясат

Назарбаевты қызы марапаттады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысындаТұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА «Құрметті Сенатор» мәртебесіберілді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Jasalash.kz

«Өздеріңізгебелгілі, Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ ант беру рәсімінде тұңғыш президент-елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құметті Сенатор»мәртебесін беру жөнінде  ұсыныс жасаған болатын. Мемлекет басшысыныңұсынысын қолдай отырып, Сенат бюросының мүшелері «Құметті Сенатор» мәртебесітуралы ереже бекітті. Ережеге сәйкес, «Құрметті Сенатор» мәртебесін беружөнінде шешім Сенат отырысында қабылданады»,  — дептүсіндірді Сенат төрайымы Дариға НАЗАРБАЕВА.

29 мамыр парламент сенаты бюросының отырысыөтіп, экс-президент Назарбаевқа «құрметті сенатор» мәртебесін берумәселесі қаралған болатын. Енді, 30 мамырда өткен жиында депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдап дауыс беріп, парламент экс-президентке мәртебе беруді қаулы етті.

«Бүгінбіз тарихи шешім қабылдадық. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ҚР тұңғыш президентіНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Құметті Сенатор» мәртебесін беру — елбасыныңжаңа Қазақстанды қалыптастыру мен дамытуға қосқан тарихи үлесі мен Қазақстанқоғамын топтастыруға сіңірген орасан зор еңбегіне берілген әділ баға мен құрметдеп санаймын», — деді экс-президенттің үлкен қызы Д.Назарбаева.

Фото: balkans.kp.ru

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега