Саясат

Назарбаевтың екінші қызы Қазақстанның ең бай әйелі атанды

Bloomberg басылымы Динара Құлыбаеваны Қазақстанның ең бай әйелі депатады. Басылымдажарияланған материалда Динара Құлыбаева Қазақстандағы ең бай әйел екендігі жәнекүйеуі Тимур Құлыбаев екеуінің байлығы 5 миллиард долларды құрайтындығыайтылған.

Jasalash.kz

Мақала авторының сөзінше, ТМД елдері аумағынан шыққан байлардыңбарлығында Кеңестер Одағының таңбасы, белгісі бар. Олардың басым көпшілігікоммунистік режимнің күні батқан тұста билік басындағы топқа жақын болған адамдар.

Бұдан бөлек мақаладаДинара Құлыбаеваның экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы екендігі туралы,осы уақытқа дейін не істегені, қандай бизнесі бар екендігі жөнінде айтылған.

Жалпы, Динара менТимур Құлыбаев батыс журналистері мен АҚШ дипломаттар арасында өте танымал. Өззаманында Тимур Құлыбаевқа америкалық дипломаттар «күтімдегі миллиардер» дегенат қойған.

Forbes Kazahstan журналының2019 жылғы рейтингінде 3100 000 000 доллармен Тимур Құлыбаев 3 орынға, дәлосындай соммамен Динара Құлыбаева 4 орынға жайғасқан.

Фото: Bloomberg

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега