Саясат

Назарбаевтың ескі досы еді

Мәскеу қаласыныңбұрынғы мэрі Юрий ЛУЖКОВ қайтыс болды. БАҚ өкілдерініңмәліметінше, экс-әкім Германияда көз жұмған.

Jasalash.kz

Оның жүрегіне Мюнхен қаласында отажасауы тиіс болған.

Юрий Лужков Мәскеуқаласын (1992-2010 жылдар аралығында) үздіксіз 18 жыл басқарған.  2010 жылы «РФ президенті Д. Медведевтің сенімінақтамады» деген себеппен қызметінен босатылды. Орнынан кете салысымен билікпартиясы «Единая Россия» құрамынан шықты. Кейіннен ол сұхбаттарының бірінде өзініңқызметтен кетуіне қазіргі премьер-министр Дмитрий Медведевпен арадағы кикілжіңсебеп болғанын және 2011 жылғы парламент сайлауында «Единая Россияға» дауысбермегендігін айтты.

2011 жылы ЛужковРесей билігі өзін және отбасын қудалап жатқандығын мәлімдеп, Латвиядан елаумағында тұруға рұқсат сұрады. Бірақ Латвия оны өз територриясында көргісікелмейтін азаматтардың қатарына енгізді. ІІМ Линда Мурниеце «Юрий Лужков Латвияелін жақсы көрмейді және жаулық көзқараста» деп мәлімдеді.

Юрий Лужковтыңсаяси жолы қызу тартыстар мен дау-дамайға бай. Мәскеу қаласын үздіксіз 18 жылбасқарған экс-мэрдің Қазақстанды тоқтаусыз 28 жыл басқарған экс-президентНұрсұлтан НАЗАРБАЕВПЕН де байланысы бар. Назарбаевтың оны бірнеше рет жекеқабылдағанын қоспағанда, Лужков 2011 жылы «Назарбаевты ұлықтау» рәсімінеқатысқан. Сол кезде ол журналистерге: «Нұрсұлтан Әбішұлы ұлы ғана емес, өте қарапайым адам.Ол маған өте жақын. Біз ұзақ жылдардан бері доспыз», — деген.

Фото әлеуметтік желіден

 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега