Әлеумет

Назарбаевтың інісінің атындағы Ислам орталығы

Түркістаноблысында экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ туған інісі Сатыбалды ӘБІШҰЛЫатындағы Ислам орталығы ашылды.

Jasalash.kz

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандар дінибасқармасының сайты хабарлады.

Бұғандейін елімізде Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі атында «Әбіш ата» мешіті жәнеанасының құрметіне «Әлжан ана» мешіті де ашылған.   

Сарыағашқаласында ашылған Ислам орталығының ашылуына шетелдік меймандар да келді. Олтуралы фейсбук әлеуметтік желісінде «Асыл арна» телеарнасының директорыМұхамеджан ТАЗАБЕК жазды.

Сарыағашта «Сатыбалды Әбішұлы»атындағы Ислам орталығының ашылуына орай, алыс-жақыннан келген қонақтардыТашкент аэропортынан күтіп алып, Қазақтың қонақжайлығы мен айырықша көңілінкөрсетуге тырыстық. Өлкеміздің тариxын айтып, өнерімізді тамашалаттық…Оңға қарай, Түркия президентінің ұлы Нажмеддин Билал ЕРДОҒАН, асыл ағам-генералҚайрат САТЫБАЛДЫ, Шешенстан президенті Рамзан ҚАДЫРОВТЫҢ ағасы, әрі кеңесшісі — Амруддин АДИЛГЕРЕЕВ.

Қайрат Сатыбалдыэкс-президент Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ дүниеден озған інісі Сатыбалды ӘБІШҰЛЫНЫҢұлы. ҰҚК мен мемлекеттік түрлі қызметтерді атқарған. forbes.kzжурналының жазуыншаҚазақстандағы ең дәулетті 50 кәсіпкердің қатарына кіреді. Туған інісі СаматӘБІШ ҰҚК-ті төрағасының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ, Сарыағаштағыайтулы шараға Түркістан облысыынң әкімі Өмірзақ ШӨКЕЕВ,Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы ОРАЗ,Өзбекстан мүфтиі Османхан қажы ӘЛІМОВ, Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы ТОҚТАМУШОВ,бұрынғы мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласыныңбас имамы Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, наиб мүфти Ершат қажы АҒЫБАЙҰЛЫ, ҚМДБ Аппаратбасшысы Ғылымбек МӘЖИЕВТЕР қатысты. Бұл орталықтың салынуына Смановтар әулетіұйытқы болған екен.

Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығында бірмезетте 10 мың адам құлшылық ете алады. Мешіт ішінде медресе-колледж шәкірттерінеарналған 29 сынып бар. Орталықта 600 бала дәріс тыңдай алады. 69 жатын орындықамтыған орталықта 1000 адамға арналған асхана салынған.

Фотолар: muftyat.kz, facebook.com

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега