«Негативті факторларға тап болатынымызды жоққа шығармаймыз» - Абаев
Ақпаратжәне қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазіргі төтенше жағдайдыңэкономикамызға қалай әсер ететінін айтып берді.
«Карантиндік шаралар біздің ғана емес, әлемэкономикасына өзгертулер енгізді. Қазірдің өзінде біздіңбюджетімізге пандемия ықпалы сезілді. Әрине, алдағы уақытта да негативтіфакторларға тап болатынымызды жоққа шығармаймыз. Үкімет оған дайын», — деп атапөтті министр «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.
Бірақ, министр 2020 жылдыңалғашқы тоқсанында экономиканың базалық секторларында өсім байқалғанынжеткізді.
«Мәселен, ауыл шаруашылығында,өнеркәсіпте, құрылыста өсім бар, тіпті инвестициялар да артқан. Мұның барлығыкөңілге оптимизм ұялатады. Мұндай бекемдік запасы Индустрияландырубағдарламасының арқасында құрылды. Химиялық өнеркәсіпте өндіріс көлемі екіесеге артты. Фарминдустрия мен жеңіл өнеркәсіп те артып келеді», — деді ол.
Нақты мысал ретінде министрПетербург зауытымен бірлесіп, танымал «Кировец» тракторының өндірісібасталғанын көрсетті.
«КамАзбен» бірлескен кәсіпорынашу жоспарланып отыр. Машина құрастыру бойынша біз Орталық Азияда алғаш рет 500мегаваттқа дейін жететін аса қуатты трансформатор өндіруді игердік. 500мегаВаттпен Қазақстандағы орташа облыс орталығын электр энергиясымен қамтуғаболады», — деді Д. Абаев.