Әлеумет

Неліктен учаскелік дәрігерлердің ғана жалақысы көтеріледі?

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесіне қатысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова түсініктеме берді.

Фото: pixabay.com

Министрдің айтуынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін кейбір ұйымдарда кадр тұрақсыздығы 50 пайызға дейін жетеді. Әсіресе учаскелік дәрігерлер мен медбикелерге түсетін жүктеме жоғары.

"Қазір маман тапшылығын бірінші кезекте алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласының қызметкерлері қалыптастырып отыр. Екіншіден, кадр тұрақсыздығы өте жоғары. 12 ай ішінде мамандардың 50 пайызына дейіні ауысады. Үшіншіден, олардың жұмыс жүктемесі де айтарлықтай көп", – деді министр Үкіметтегі брифингте.


Сондай-ақ жаңа үстемеақылар медицина қызметкерлеріне үздіксіз еңбек өтілі үшін төленетінін айтты. Министрлік бұл шара арқылы мамандарды өз учаскелерінде тұрақтандырып, кадр тапшылығын азайтуды көздеп отыр.

Сайт Әкімшілігі