Непалда су тасқынынан кейін қаза тапқан 226 адамның кім екені анықталмады
Непалда 26 тамыздағы жойқын сел мен су тасқынынан қаза тапқан 226 адамның мәйіті жеке басы анықталмаған күйде жерленетін болды.
Билік мұндай шешімді бірнеше күн бойы мәйіттерді ешкімнің алып кетпеуіне байланысты қабылдаған. Табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы мәйітханалар лық толып, көптеген мәйіт ашық жерде сақталып жатыр. Ыдырау процесі мен инфекция таралу қаупі де жағдайды күрделендірген.
Сенбі таңертеңгі мәлімет бойынша, мәйітханаларда 626 адамның денесі болған. Құтқару жұмыстары жалғасып жатқандықтан, қаза тапқандар саны әлі де өсуі мүмкін.
Селден ең көп зардап шеккен Читван ауданында белгісіз мәйіттерді жерлеуге арнайы орын бөлінді.
Жерлеуге дейін барлық мәйіттен ДНҚ үлгілері алынады. Бұл болашақта туыстары іздеп келген жағдайда қаза тапқандардың жеке басын анықтап, олардың қай жерде жерленгенін білуге мүмкіндік береді.