Әлеумет

Непалда су тасқыны мен көшкіннен 20-дан астам адам қаза тапты

Непалда бірнеше күнге созылған нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны мен көшкіндерден 21 адам қаза тауып, бес адам із-түзсіз жоғалды.

Фото ЖИ / JasAlash

Тағы бес адам жарақат алған. Бұл туралы елдің Табиғи апаттар қаупін азайту және басқару жөніндегі ұлттық басқармасы хабарлады. 

24-27 қыркүйек аралығында елдің әр аймағында 53 су тасқыны және 256 көшкін оқиғасы тіркелген. Табиғи апатқа Бенгал шығанағы үстінде қалыптасқан төмен қысымды ауа райы жүйесі әсер еткен. 

Ресми дерек бойынша, апаттан 747 отбасы зардап шекті. 143 үй толығымен қирап, тағы 51 баспана бүлінген. Қауіпті аймақтардан 2 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. 

Тасқын мен көшкін елдің көлік және энергетикалық инфрақұрылымына да зақым келтірді. Бірқатар жол жабылып, электр желілерінің тіректері құлағандықтан кей аудандарда жарық сөніп қалды. 

Айта кетейік, Непал биыл тамызда бұдан да алапат табиғи апатты бастан өткерді. 26 тамызда мұздықтың опырылуынан туындаған жойқын тасқыннан кемінде 1450 адам қаза тапты, мыңдаған адам із-түзсіз жоғалды. Бір ай өткен соң да көптеген құрбанның денесін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Ғалымдар тамыздағы тасқынға мұздықтың төменгі бөлігінің опырылып, мұз, тас пен лайдың өзен аңғарына құлауы түрткі болуы мүмкін екенін айтқан. 

Сайт Әкімшілігі