Непалда тағы су тасқыны болды
Непалда өзен арнасын көшкін бөгеп қалуы салдарынан ірі су тасқыны басталды.
Алапат су тасқыны тұрғын үйлерді шайып, елді мекендерге қауіп төндіріп отыр.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Катмандудан шамамен 100 шақырым жерде болған табиғи апаттан кейін кемінде төрт адам із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында.
Бұл оқиға Непал тамыз айындағы жойқын су тасқынының зардаптарын жою жұмыстарын әлі аяқтамаған кезде болып отыр. Бұған дейінгі апат салдарынан 1 400-ден астам адам қаза тапқан.
Ел билігі іздестіру-құтқару жұмыстарын қысқартып, зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге 3,6 миллиард доллар бөлу мәселесін қолға алған.