Непалдағы су тасқынында қазақстандық әйел жоғалып кеткен
Непал мен Қытай шекарасындағы жойқын су тасқынынан кейін Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандық туристер тобы құрамында Непалдан Қытай аумағына өткен. Қазіргі уақытта әйелдің нақты қай жерде екені белгісіз. Құтқару қызметтері хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуді жалғастырып жатыр.
Қазақстандық дипломаттар Қытайдың жергілікті мемлекеттік органдарымен байланыста жұмыс жүргізуде. Бұған дейін Непал мен Қытайдың шекаралас аймақтарын қатты су тасқыны басып, кемінде 160 адам қаза тапқаны хабарланған еді.
Непалдың туризм басқармасы 20-дан астам елдің азаматтары жоғалғандар қатарында екенін мәлімдеген. Ал бұған дейін Қазақстан СІМ ел азаматтары арасында зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер жоқ екенін хабарлаған болатын.