Непалдағы тасқыннан кейін Қазақстанның екі азаматы жоғалып кеткен
Непалда болған тасқыннан кейін екі Қазақстан азаматының хабар-ошарсыз кеткені белгілі болды. Бұл туралы Непалдың Туризм кеңесі мәлімдеді.
Ведомство дерегінше, елде жалпы 644 адам әлі табылмаған. Олардың арасында Непал азаматтарымен бірге шетелдіктер де бар.
Хабар-ошарсыз кеткен шетел азаматтарының арасында:
Үндістан – 178 адам;
АҚШ – 65;Украина – 53;
Малайзия – 51;
Аустралия – 35;
Ұлыбритания – 33;
Канада – 25;
Қазақстан – 2 адам.
Сонымен қатар Непалдың 127 азаматы да іздестіріліп жатыр.
Қазір хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеу жұмыстары жалғасуда.