Несиесін уақытында төлей алмағандарға қосымша 60 күн берілуі мүмкін
Қазақстанда мерзімі өткен несие берешегін реттеу тәртібін өзгерту жоспарланып отыр.
Жаңа ереже екі немесе одан да көп кредитор алдында қарызы бар, кепілсіз тұтынушылық несие рәсімдеген азаматтарға қатысты болады.
Қарыз алушы кезекті төлемін уақытында төлей алмаған жағдайда, берешекті келесі төлем мерзіміне дейін өтеуге мүмкіндік беріледі. Егер осы уақыт ішінде де қарыз өтелмесе, оны жабуға қосымша 60 күн қарастырылмақ. Бұдан бөлек, кредиторлардың қарыз алушы өтінішіне жауап беру мерзімі 5 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне қысқартылады. Өтінішті банк немесе микроқаржы омбудсманы қарайды.
Жаңа тәртіп 21 қыркүйектен бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.