Қоғам

Нетаньяхудың ұлы АҚШ-тан шұғыл эвакуацияланды

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың ұлы Яир Нетаньяху Флоридадан Израильге шұғыл жеткізілді. Израильдің «Шин Бет» қауіпсіздік қызметі оның өміріне қауіп төнгенін растады.

Фото: ашық дереккөз

Ведомствоның мәліметінше, жағдайды бағалағаннан кейін Яирді қауіпсіздік қызметкерлерімен бірге АҚШ-тан дереу алып шығу туралы шешім қабылданған. Алайда «Шин Бет» қауіптің нақты сипатын және оның артында кім тұрғанын жариялаған жоқ.

Бұған дейін Биньямин Нетаньяху ұлдарының біріне Иран тарапынан қастандық жасау әрекеті болғанын мәлімдеген. Алайда ол кезде премьер-министр нақты қай ұлының нысанаға алынғанын айтпаған еді.

«Шин Бет» Яир Нетаньяхуды АҚШ-тан шұғыл эвакуациялауға себеп болған қауіптің Иранмен байланысты екенін ресми түрде растаған жоқ.

Сайт Әкімшілігі