Без Категории

Ноғаев қызметінен кетті ме?

Маңғыстау облыстық әкімдігі өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қызметінен кететіні туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Фото: из открытых источников

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ноғаевтың басқа жұмысқа ауысатыны туралы ақпарат тараған.

"Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылады", - деп жазған Yedilov.online арнасы.

Бұл хабарламаға облыс әкімдігінің өкілдері жауап берді. 

"Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жұмыс орнында", - деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми өкілі Жанна Сағидолла.

Айта кетейік, Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысы әкімінің қызметін 2022 жылғы желтоқсан айынан бері атқарып келеді. 

Фото: tengrinews.kz

Nurbike Beksultan