Әлеумет

Ноғаевтың «новый» орынбасары

Атырау облыстық әкімдігінде – жаңа өзгерістер. Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ кәсіпкерлік, инвестиция тарту, мұнай-газ секторы, соның ішінде қазақстандық мазмұн және цифрландыру мәселелері бойынша орынбасары болып Айбек КРАМБАЕВ тағайындалды.

Jasalash.kz
Еңбек жолын 1999 жылы мұнай компаниясында оператор қызметінен бастаған аймақ басшысының орынбасары бұған дейін “PSA” ЖШС басқарма мүшесі, бизнесті және жергілікті қамтуды дамыту бойынша басқарушы директор қызметін атқарған. Ал бұрын осы салаға жауапты болған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік ШӘПКЕНОВ енді аймақтың білім беру, денсаулық сынды маңызды әлеуметтік мәселелеріне жетекшілік жасайды. Айта кетсек, Серік Шәпкенов білім саласындағы жемқорлық деректерінен кейін қызметінен өз еркімен кеткен Нұрсәуле САЙЛАУОВАНЫҢ орнына барып отыр. — Жаңа орынбасардың тәжірибесі жүктелген міндеттерді атқаруға септігін тигізеді деген сенімдемін, — деді облыс автивінде жаңа орынбасарын таныстырған Нұрлан Ноғаев.Сондай-ақ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бұған дейін Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы лауазымын атқарған Серік ҚАМИДОЛА тағайындалды.Фото автордікі. 
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега