Саясат

«Нұр Отанды тасталқан етіп жеңетін партия құрамыз» (видео)

«Жас Алаш» газеті бірер жыл бұрын жеке сайтынқолға алған (zhasalash.kz). Енді youtube.com-нан өз арнасын ашып отыр.

Jasalash.kz

Бүгін қоғам қайраткері, журналист-диссидент ЖанболатМАМАЙМЕН болған сұхбатты жариялап отырмыз. Сұхбатты жүргізген журналист ҚанатТІЛЕУХАН. 

2019 жылдың 16 қазан күні Жанболат Мамай, Төлеген ЖҮКЕЕВ және СергейДУВАНОВ жаңа саяси ұйым құратындарын мәлімдеді. Сұхбат осы төңірегінде және жассаясаткерді тану тұрғысында жасалды. 

«Саясаткер Төлеген Тілекұлы менқұқық қорғаушы Сергей Дуванов бізге кеңестерін беріп отырады. Партия жастардікіболады. Қазір көптеген жастармен кездесіп жатырмыз. Қолдаушылар саны көп. «НұрОтанды» тасталқан етіп жеңетін партия құрамыз», — деді Жанболат Мамай. 

Сондай-ақ, сұхбат барысында қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар ӘБЛЯЗОВжайлы айтылды. Халық жазушысы Мұхтар ШАХАНОВПЕН арасындағы қарым-қатынас та сөзболды. 

«Алғаш саяси-қоғамдық өмірге М.Шаханов атындағы «Рух пен тіл» клубын құрып араласа бастадық. Біраз қоғамдықжұмыстарды бірге атқардық. Кейін ол кісі саяси процесстерден алыстап кетті. Сондықтан да біз өз жолымызбен кеттік», — деді Ж. Мамай. 

Сұхбаттың толық нұсқасы «Жас АЛАШТЫҢ»youtube.com-дағыарнасынан көре аласыздар. Біздің арнаға жазылыңыздар. 

Фото автордікі. 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега