Саясат

Нұр Отандық митинг: Әйелдеріңе ие болыңдар!

Бүгін митингіден аяқ алып жүре алмадық.Әдетте митингі басталмай жатып қоғамдық белсенділер бір күн бұрын қамалыпжататын.

Jasalash.kz

30 маусым күні елорда мен Алматы қаласында рұқсат етілген митингілерөтті. Ол туралы «Жас АЛАШ»бұған дейін хабарлағанболатын.

Оқи отырыңыздар: Митингідегімикрофон үшін талас (видео)

Кеше ғана басшылығы ауысқан «Нұр Отан»партиясы да бүгін митингіге шықты. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жерұйық» саябағында1500-ден астам адам жиналды. «Біз біргеміз!» деп аталатын бейбіт акцияғаБақытжан ЕРТАЕВ, Бақытбек СМАҒҰЛ, Бекболат ТІЛЕУХАН, ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ сындыдепутаттар қатысты. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының көпке танымал мүшелеріОразкүл АСАНҒАЗЫ мен әнші Алтынай ЖОРАБАЕВА да қатысты.

Оқи отырыңыздар: Алматыдарұқсат етілген митинг өтті

Депутаттардың айтуынша, олар елдіңарасына іріткі салып жүрген арандатушылардың құйтырқы әрекеттеріне қарсы бейбітшеруге шықты.

«Әблязов елдің триллионнанаса ақшасын ұрлады. Ол халықтың ақшасы. Оған қарсы әлемнің 12 елі бірдейқылмыстық іс қозғап отыр. Осынша мемлекеттің бұл жалған саясаткерге қарсықылмыстық іс қозғауы тегін емес. Осы жағын ойлау керек. Ұрының орны түрмеде», — деді мәжіліс депутаты Павел КАЗАНЦЕВ.

Әріптесінің сөзін Қазақстанның халыққаһарманы Бақытжан Ертаев та қолдады.

«Біз шетелде отырып алып,елге лаң салып, дүрбелең туғызғысы келетіндерге жол бермейміз. Біз бәрімізбірігіп, осындайларды тоқтатуымыз керек. Отан үшін бірігу  – біздің парызымыз. Біз отанымызға кір келтірмейміз.Біз отанымызды қорғаймыз. Бізге қарап ит болып жүргендер абай болсын», — деді.

Тағы бір Ауған соғысының ардагері,депутат Бақытбек Смағұл «Әблязов халықшыл болса, неге Арыс халқына көмектеспеді?!»деп сөйледі ел алдында.

«Әблязовты соттаған текҚазақстан емес. Оны Еуропа да, Украина да, Ресей де сотқа берді. Сол алаяқ «қырғызреволюциясын жасаған менмін, ақшасын төлеген менмін. Қазақстанға әсер ету үшінжасадым», деп мойындады. Сонда қаншама қанды мойнына жүктеп жатқанын шімірікпейайтқан адамның сөзіне иланамыз ба?!», — деді Бекболат Тілеухан.

Айтпақшы, Шымкент қаласының әкімі ҒабидоллаӘБДІРАХЫМОВ сынды «әйелдеріңе ие болыңдар» деген кеңес айтқандар даболды.

«Әйелдерін көшеге жіберіп,өздері үйде отырған еркектердің тірлігі не деген сұмдық? Ер-азамат деген атқасай әрекет етіп, әр еркек әйелдеріне ие болу керек», — деді «Нұр Отан»партиясының мүшесі Оразкүл Асанғазы.

Оқи отырыңыздар:Әкімніңарыстықтарға айтқаны – Маған әңгіме айтқанша, әйелдеріңе ие болыңдар (видео)

Фотолар: facebook.com

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега