Қоғам

Нұр - Сұлтан мен Алматыда кәсіпорындар жұмыс істей бастады

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімін бекітілді: Нұр-Сұлтан қаласында:өнеркәсіптік кәсіпорындар;құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар;автосалондар, ТҚС, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу;екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді;қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылды.

Jasalash.kz

Алматы қаласында:

өнеркәсіптік кәсіпорындар;

құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары;

нотариустер алдын ала жазылу бойынша;

тек бизнеске қызмет көрсету үшін ХҚКО бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1).

«Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы шұғыл штабтар кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің нақты тізімін, олардың қызметкерлерінің нақты санын, жұмыс уақытын және жеткізілу тәсілін анықтады»,-делінген хабарламада.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега