Әлеумет

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды

ҚР Премьер-Министрі АсқарМаминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимінқамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті.

Jasalash.kz

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулықсақтау министрі Е. Біртанов, өңірлердегі ахуал туралы Нұр-Сұлтан қаласыныңәкімі А. Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев, Шымкент қаласының әкіміМ. Әйтенов, сондай-ақ Қызылорда облысының әкімі Г. Әбдіқалықова, Жұмыспенқамтудың жол картасын іс жүзіне асыру шаралары туралы еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаевпен Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, аумақтық әскерлерді арнаулы жинақтаутуралы қорғаныс министрі Н. Ермекбаев баяндады. 

Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеумақсатында қызметі екі мегаполистің тіршілік әрекетін қамтамасыз етумен жәнетұрғындардың денсаулығымен байланысты ұйымдарды қоспағанда, барлық кәсіпорындармен ұйымдар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында күшіне енген жұмыссызрежимді осы жылдың 13 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Мемлекеттік комиссия Шымкент қаласы әкімінің биылғы 4 сәуіркүнгі сағат 21:00-ден бастап қалада карантин енгізу туралы ұсынысымен келісті.

Ауруханаішілік жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында Үкіметбасшысы әкімдерге инфекциялық, провизорлық және карантиндік нысандардағысанитарлық талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан,Алматы және Шымкент қалаларында тез тұрғызылатын құрылымдардан үш жұқпалыаурулар ауруханаларын салу туралы шешім қабылданды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мүдделімемлекеттік органдармен бірлесіп, ТЖ кезеңінде жеке қорғаныш құралдарыншығаруға бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау, Денсаулықсақтау министрлігі мен әкімдіктерге тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндеқауіпсіздік пен жұмыс істеудің жекелеген алгоритмін әзірлеу тапсырылды.

Отырыс барысында Жұмыспен қамтудың жол картасын (ЖҚЖК) сапалыжүзеге асыру, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен басқа даөңірлерде нақты жобаларды тез арада бастау мәселелеріне ерекше назар аударылды.Оған қоса Үкімет басшысы әкімдерге кем дегенде 240 мың жұмыс орнын құруды,отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің  кемінде 90%-ынпайдалануды қамтамасыз етуді, ЖҚЖК аясында жұмысқа орналастыру үшін мобильдірекрут пункттерін құруды, жұмыссыздарды жобаларға Электрондық еңбек биржасыарқылы тартуды тапсырды.

Премьер-Министр төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандардыңтөлем алуы (42 500 теңге) үшін азаматтарға есепшот ашу жұмыстарын қамтамасызету қажеттігін атап өтті.   

Мемлекеттік комиссия мектеп оқушыларының төртінші тоқсандақашықтан оқу мәселесін қарастырды. 

«Білім және цифрлық даму министрліктеріне қашықтан оқытупроцесіне мониторинг жүргізіп, әдістемелік қолдау көрсетуді тапсырамын», — деді А. Мамин.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскериміндеттілерді Қарулы күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін арнаулыжиындарға шақыру мәселелері, сондай-ақ экономиканың секторларында төтеншежағдайдың енгізілуіне байланысты аса зардап шеккендерді Қызмет түрлерініңтізіміне енгізу үшін қажетті ұсыныстар қаралды, олар 1 сәуірден 1 қазанаралығында еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен басқа да міндетті төлемдердітөлеуден босатылады.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега