Аймақ

Нұр-Сұлтанның сол жағалауы отқа оранды

Жексенбіде 21 сағат 19 минутта елордалық өрт сөндірушілерге Есіл ауданында құрғақ шөптің жанып жатқаны туралы хабар жеткен.

Jasalash.kz

 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өртті сөндіруге жеке құрамнан 30 адам және 6 бірлік техника аттанды, сондай-ақ өртке қала әкімдігінен 4 суару-жуу машинасы (ЖМ) жіберілді. Өртті сөндіру қатты желдің екпінінен күрделене түсті.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 22:16-да ауыздықталды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега