Нұр-Сұлтанның жарығын сөндірген кім?
Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Нұр-Сұлтан қаласындажарықтың сөнуіне орай арнайы комиссия құруды тапсырды.
Кінәлілер заң алдындажауап беруі де ықтимал.
«Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев Елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкепсоқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Оған вице-премьерРоман Скляр төрағалық етеді. Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілердіанықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді.Президент Үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндайжағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті», — деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік УӘЛИ өзінің фейсбукпарақшасында.
Электр жарығы 10-қарашаның түнгі сағат екілер шамасындасөнген. Оған «Сол жағалаулық» станциясында кабельдік арнаның өртенуі себепболған. Астананың сол жағалауындағы 25 нысан мен 7 тұрғын үй кешені жарықсызқалған.
Тіпті Ақорда, парламент, министрлер үйі, үкімет, жоғарғысот та электр қуатынан ажырап қалған. Бүгін таңертең ғана берілді.
Фото: 123ru.ne